Суббота, 23 ноября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауКөкшетауда азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтті

Көкшетауда азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев халықтың әлеуметтік, тұрғын үй, коммуналдық салалар және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі толғандыратын сұрақтарына жауап берді. 100-ден астам мәселе қаралды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы мен әртүрлі құрылымдық бөлімшелердің жауапты тұлғалары өтініш білдірушілердің сұрақтарын жеке өзі тыңдап, жауап берді.
Станционный кентінде тұратын Райхан Тұрлыбекова бірден бірнеше мәселе бойынша – мәдениет үйін, мешітті салу және көше жарығын орнату бойынша өтініш білдірді.

«Мен Станционный кентінде 30 жыл тұрдым. Біз жыл бойы мәдениет үйін салу мәселесін көтеріп келеміз, өзім кітапханашы болып жұмыс істеймін, әр түрлі үйірмелер бар, көптеген балалар бар, оларға орын жетіспейді, өзіміздің мәдениет ошағымыз болғанын қалаймыз», — деді Р.Тұрлыбекова.

Өңір басшысы қала әкімдігіне, мәдениет, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларына тиісті тапсырма берді.

Қала тұрғындары арасында ең өзекті мәселелердің бірі тұрғын үймен қамтамасыз ету болды. Әрбір жағдай тұрғын үй заңнамасы шеңберінде жеке қаралды.
Айта кетейік, өңірде жалпы ауданы 114,8 мың шаршы метр 35 көппәтерлі тұрғын үйді, оның ішінде 41,5 мың шаршы метрге 12 жалға берілетін үйді іске қосу жоспарланған.

Коммуналдық салада тұрғындар Сарыарқа және Центральный шағын аудандарындағы көшелердегі жолдарды жөндеу, газдандыруды қамтамасыз ету, абаттандыру сұрауларымен жүгінді. Көкшетау әкімдігіне әрбір мәселені егжей-тегжейлі зерделеп, қысқа мерзімде орындау тапсырылды. Қабылдау барысында коммуналдық қызметтердің жұмысы да атап өтілді.

«Мен мұнда рахмет айту үшін келдім, әсіресе ТҮКШ бөліміне. Өткен жылы Жақсы дүкенінен Сырымбет дүкеніне дейінгі жолды жөндеуді сұрадым. Бізге 30 жыл болмаған тротуар да, жол да салынды», — деді зейнеткер Кенжебек Келісов.

Іс-шара үш сағаттан астам уақытқа созылды, ол көптеген мәселелердің шешімін тапты. Қосымша қарауды қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.

«Бірде-бір сұрақ назардан тыс қалмауы керек. Барлығы қолда бар заңнамаға сәйкес шешілетін болады», — деп қорытындылады Ермек Маржықпаев.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...