Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau
21 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаКөкшетау көшесінде төбелес шығарған жастар ұсталды

Көкшетау көшесінде төбелес шығарған жастар ұсталды

Көкшетау көшесінде жанжал шығарған бір топ адам әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды Koksheinform ҚР ІІМ Телегерам арнасына сілтеме жасап.

5 мамыр күні «Әскер-7» экипажы облыс орталығын патрульдеу кезінде Әуелбеков-Сағдиев көшелерінің қиылысында жанжалдасқан бір топ жасты байқаған.

Қоғамдық тәртіп бұзушылықты болдырмау мақсатында тәртіп сақшылары төрт ер адамды ұстап, полиция басқармасына жеткізді.

Жүргізілген медициналық куәландыруға сәйкес, қала тұрғындары мас күйінде болған. Сондай – ақ ұсталғандардың барлығы компьютерлік фирмалардың бірінің әріптес-қызметкерлері екені анықталды.

Жанжалдың барлық қатысушылары Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...