Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau
17 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерБурабайМарат Ахметжанов еліміздің мерейтойлық тұрғынының отбасын құттықтады

Марат Ахметжанов еліміздің мерейтойлық тұрғынының отбасын құттықтады

Ақмола облысында 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келді. Бала Бурабай ауданында дүниеге келді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ол Динара мен энергетик Айдар Исеновтар отбасында дүниеге келген сәби болды. Дәрігерлердің айтуынша, ананың жүктілігі қалыпты болды, қазіргі уақытта нәресте мен ананың жағдайы қанағаттанарлық.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ел Президентінің атынан отбасын сәбидің дүниеге келуімен құттықтады.

«Бүгін мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты еліміздің жиырма миллионыншы тұрғынының дүниеге келуімен құттықтады! Осынау атаулы оқиғаға біз де қуаныштымыз. Еліміздің жиырма миллионыншы тұрғыны болып өмір есігін ашқан перзенттің Ақмола облысының ерекше бір көркем, көрікті, сұлу жері Бурабайда дүниеге келуі біз үшін тіпті ерекше сый! Ол қай жерде туылса да-бұл бүкіл Қазақстан халқының қуанышы. Мемлекет денсаулық сақтау мен білімге көп көңіл бөледі, біздің балаларымыз жақсы білім мен медициналық көмек ала отырып, қолайлы ортада өсуі керек. Бұл Отанымыздың тұрақтылығы мен өркендеуінің жарқын айғағы», – деп атап өтті М.Ахметжанов.

«Біздің отбасымыз үшін бұл күтпеген және өте қуанышты күн! Бұл біздің екінші баламыз! Баршаңызға бейбіт аспан тілеймін! Біз өз тарапымыздан балаларымыздың бақытты отбасында және бейбіт мемлекетте өсуіне ықпал етеміз», – деді отағасы Айдар Исенов.

Қазіргі уақытта ана сәбиімен, «Авиценна – Бурабай» ЖШС ана мен бала бөлімшесінде.

Облыста 10 айда 9604 бала дүниеге келді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...