Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғам«Samruk-Kazyna Trust» қоғам алдында есеп берді

«Samruk-Kazyna Trust» қоғам алдында есеп берді

Астанада «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының ІІ Корпоративтік қайырымдылық форумы өтті. Форумда қайырымдылық операторы қоғам өкілдері алдында 2023 жылы жүзеге асырған әлеуметтік жобалардың нәтижесі бойынша есеп берді. Оған 300-ден астам үкіметтік емес ұйым өкілдері, мемлекеттік орган, квазигоссектор, бизнес өкілдері, «Самұрық-Қазына» қоры тобының компания басшылары мен қызметкерлері, БАҚ, қоғам белсенділері мен көмек алған азаматтар қатысты.

Форумда панельдік сессиялар өтіп, оларға қатысушылар қайырымдылық саласындағы соңғы заңнамалық өзгерістер, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, әлеуметтік жобаларды дамыту,  табысты кейстер мен қаржылай қолдау шараларын талқылады.

Компаниялар тобы атынан бірыңғай қайырымдылық операторының есеп беру шарасында сөз алған «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов 2024 жылы инклюзия, денсаулық сақтау, креативті индустрия, спорт және білім беру сияқты ең өзекті әлеуметтік трендтер ары қарай Қор назарында болатынын атап өтті. Шарада Нұрлан Жақыпов Батыс Қазақстан медициналық университеті жанынан ашылған онкологиялық оңалту бөлімшесінің жұмысына бастау беріп, Ақмола және Түркістан облыстарындағы бас дәрігерлерге 5 жедел жәрдем көлігі мен реанимобильдің кілтін табыстады.

Жалпы 2016 жылдан бері жалпы сомасы 74 млрд теңгеге 2,5 миллионнан астам қазақстандыққа көмек көрсетілді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...