Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau
19 C
Nur-Sultan
25 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметДемалыс беру және қызметшілерді жергілікті атқарушы органдарға іссапарға жіберу кезінде заңнама талаптарының...

Демалыс беру және қызметшілерді жергілікті атқарушы органдарға іссапарға жіберу кезінде заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті демалыс беру және қызметшілерді жергілікті атқарушы органдарға іссапарға жіберу кезінде заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді, оның қорытындысы бойынша қызметшілердің құқықтарының бұзылуы анықталды.

Мәселен, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 57-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттiк қызметшілерге Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен қызметтiк iссапарларға, оның iшiнде шет мемлекеттерге iссапарға баруға арналған шығыстары өтеледi.

Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кепілдіктер және іссапарда болған уақыт үшін тәуліктік ақы алу құқығы, межелі жерге бару және кері қайту жөніндегі шығыстар, тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстар қолданылады.

Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының 6-тармағына сәйкес іссапарға жiберiлген қызметкерге iссапарға кетер алдында жол жүру ақысын, тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарды төлеуге тиесiлi сомалар және тәулiкақы беріледi. Іссапардан оралғаннан кейiн қызметкер бес жұмыс күнi iшiнде іссапар бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, іссапар туралы есеп береді.

Өз кезегінде Департамент жүргізген талдауда қызметшілерге іссапар шығындарын уақтылы төлемеудің 95 фактісі анықталды.

56 жағдайда іссапар шығыстарын төлеу іссапар басталған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен астам уақыт өткеннен кейін және 16 төлем бір айдан астам уақыт өткеннен кейін жүргізілді.

Сонымен қатар, жалпы сомасы 243 700 теңгеге іссапар шығыстарын төлемеудің 8 фактісі анықталды.

Бұдан басқа, Заңның 54-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы еңбек демалыстарын уақтылы төлемеуінде көрсетілген бұзушылықтар анықталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 113-бабында жұмыс беруші қызметкерге төлемді кешіктіру кезеңі үшін берешек пен өсімпұл төлейді деп көзделген. Өсімпұл мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті келесі күннен басталып, төлем жасалған күнмен аяқтала отырып, мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін есепке жазылады.

Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша 37 қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді, осылайша Департамент талаптарының негізінде қызметшілерге 243 700 теңге мөлшерінде іссапар шығыстарының тиесілі сомалары төленді, сондай-ақ мемлекеттік органдар жалпы сомасы 159 мың теңгеден астам демалысты уақтылы төлемегені үшін өсімпұл төлеу туралы міндеттеме қабылданды.

Жалпы алғанда, Департамент 2023 жылдың қорытындысы бойынша қызметшілерге жалпы сомасы 1 млн. 800 мың теңгеден астам тиесілі төлемдерді төлеу бойынша ден қою шараларын қабылдады.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...