Жұма, Мамыр 17, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАшық сабақ:«Кішкентай көмекшілер»

Ашық сабақ:«Кішкентай көмекшілер»

«Мерей» балабақшасы
№ 3 ПДК «Аяулым» тобы
Өткізгендер:
Логопед:Баймендина Гаухар Каиргужиновна
Тәрбиеші: Шамгунова Ардақ Әбдімүтәліпқызы

Мақсаты: ерекше қажеттілікті керек ететін балалардың да басқа біреуге пайдасын тигізе білудің жолдарын үйрету. Берілген әрбір тапсырманы орындай білуге көмектесу.

Әдіс тәсілі: көрсету, түсіндіру, үйрету, ойын, шығармашылық жұмыстар.
Көрнекіліктер: дидактикалық материалдар ,поровоз, үйшік,су джок доптары, ойыншық қоян және кейіпкер қоян

Мотивация: Балалар бізге бүгін қонаққа қоян келіп отыр , ал қоянның бүгін туған күні екен. Ол адасып кетіпті енді қоянның үйіне жету үшін бізге поравозбен бару керек, жайғасып отырып алайық.

Кірпі жаттығуы: (логопед) су джок добымен жаттығу. Музыкамен.
(чух,чух поровозым әнімен жолға аттанып әр аялдамаға токтап тапсырмаларды орындайды)

Тәрбиеші: жақсы балалар міне бірінші аялдамаға келіпте жеттік, бізге тапсырмалар бар екен ,сол тапсырмаларды орындасақ біз қоянды үйіне тезірек жеткіземіз және туған күнін бірге атап өтеміз.

Қол шапалақтау аялдамасы:
1 тапсырма: «Жартысын тауып, біріктір»
Шарты: берілген геометриялық пішіндердің жарты бөлігін тауып, біріктіру.
жарайсыңдар,балалар.
Тәрбиеші: жақсы балалар міне екінші аялдамаға жеттік

Секіру аялдамасы:
2 тапсырма: «Түстері бойынша жина»
Шарты: түрлі түсті доптарды түстеріне байланысты өз алдарына жинау.

Би билеу аялдамасы:
Тәрбиеші: жақсы балалар міне үшінші аялдамаға келдік
3 тапсырма: Жемістерді жіпке тіз, сандарды ретімен қой, орамалды жама, ойыншықты дұрыс жина.
Шарты: балалар үстел басына жайғасып бір біріне кедергі жасамай берілген тапсырманы үлкендердің көмегімен орындайды

Тәрбиеші: Жарайсындар балалар біз тапсырмаларды орындап жатып қоянның үйіне қалай жеткеніміздіде байқамай қалыппыз, қоянымызды үйіне шығарып салайық. (логопед ойыншық қоянды үйшікке кіргізеді)

Ғажайып сәт: (Үйшіктен кейіпкер қоян шығып, ризашылығын білдіреді)

Логопед: қоян біз сенің туған күніңе сыйлық сыйлағымыз келіп тұр (гүл,шар, көк аспан астындағы күнді сыйлаймыз) шығармашылық жұмыс.

Қоян: рахмет балалар, менің де сендерге арналған тәтті тоқашым бар.Үйшіктен қоян қолына шамдары бар тәтті тоқаштарды алып шығады.

Логопед: дем алу жаттығуын жасатады «туған күніңменен» музыкасы ойнайды шамдарды үрлетеді рахметін айтып қоштасып,паравозға мініп топқа қайтады

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...