Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
9.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіӘдістемелік әзірлеме тақырыбы: «Жайлаудағы қызықтар»

Әдістемелік әзірлеме тақырыбы: «Жайлаудағы қызықтар»

Мақсаты:
Ерекше балаларға тәрбиеші мен логопедтің көмегімен ұсақ қол моторикасын дамытып қана қоймай баланың деңгейін ескере отырып ойын іс- ірекетін дамыту. Балалардың өмірге қажетті білік дағдыларын тереңдете отырып, ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге баулу.

Түзету және тәрбиелік міндеттер: Жануарлардың сыртқы белгілерін, немен қоректенетінін, дыбысын, қайда мекендейтінін, қандай пайда әкелетінін білу;
Түзету және дамытушылық тапсырмалар:

1.Есту және көру қабылдауын, жалпы және ұсақ моторикасын дамыту;
2.Ойлау процестерін жетілдіру;

III. Түзету және тәрбиелеу міндеттері:
1.Үй жануарларына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
2. Мұқият тыңдай білу қабілетін дамыту, танымдық үрдісін дамыту;
3.Қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Қажетті көрнекіліктер: үй жануарлары мен төлдерінің суреттері, ойыншықтары, этнопедагогикаға байланысты салт дәстүр бұрышы, ұйымдастырылған ойын қызметіне байланысты материалдық база.

Ұйымдастырылған қызметтің барысы: «Жазда апамның ауылына барып едім қыдырып» атты музыка сүйемелдеуімен балалар әжеге жайлауға қонаққа келеді.

Әже: ой, амансыңдарма балапандарым деп қуанып ,орнынан тұрып,немерелерін қарсы алып, үстел басына көрпешелерге жайғастырып отырғызады.
Тәрбиеші:

Мерей әже , біз сізді ,жайлауда болып жатқан тіршілікті,қызықтарды да сағынып кеттік. Үйіңіз әрқашан да қонақтарға толы болып отырады. Балаларды жылулық шеңберіне шақырып алдыменен амандасып алайық.

Сәлемімді сыйлаймын, оң жақтағы қонаққа
Сәлемімді сыйлаймын, сол жақтағы қонаққа
Бүгінгі күніміз сәтті өтсін!
(үлкеннің көмегімен балалар амандасады)

Әже: балалар бүгін мен сендерге көптеген тосын сыйлары бар шығармашылық жұмыстар дайындап қойдым, оның нелер екенін білгіміз келсек қане суреттерге назар аударайық.

Тәрбиеші: үй жануарлары бар әрбір суретпен таныстырады.
(әр суреттен кейін жануардың дауысы үнтаспадан естіледі, бірге барлығы қайталайды.)

Әже: балалар жарайсыңдар. Ал енді мен мына текшені лақтырып отырамын,қай жақ бетіндегі сан немесе геометриялық пішін түссе, сол үлтелге барып жұмысымызды жасаймыз (текшелерде сандар және түрлі түсті геометриялық пішіндер ,үстелдермен сәйкестендіріледі, әр тапсырма музыканың сүйемелдеуімен өтеді)

Дөңгелегі бар үстелдегі тапсырма:
«Жартысын тап»
Шарты: шашылып жатқан бөліктерден жануарлардың бейнесін құрастыру.

Әже: балалар жарайсыңдар деп тағы текшені лақтырады

Үшбұрышы бар үстелдегі тапсырма:
«Жасырылған не?»
Шарты: алдын ала майшаммен салынған ақ парақты түрлі түсті бояумен дәстүрлі емес әдіспен бояу

Әже: балалар жарайсыңдар деп тағы текшені лақтырады
Саусақ жаттығуы «Кірпі» су джок доптарымен
Төртбұрышы бар үстелдегі тапсырма:
«Жануарларды фланенеграфқа орналастыр»
Шарты: фетрден жасалған жануарларды фланенеграфқа липучканың көмегімен орналастыру.

Әже: балалар жарайсыңдар деп тағы текшені лақтырады

1саны бар үстелдің тапсырмасы:
«Жануарлардың көлеңкесі»
Шарты: бірнеше ойыншық жануарлар подноста қырынан жатқызып орналастырылған, солардың үстінен балалар педагогтердің көмегімен илеуішпен ұн себеді. Кейін ойыншықты алып тастағанда , жануардың көлеңкесі пайда болады.

Әже: балалар жарайсыңдар деп тағы текшені лақтырады
2 саны бар үстелдің тапсырмасы:
«Төліне жетуге көмектес» нейро жаттыгуы
Шарты: әр түрлі жолда көрсетілген жануарды төліне жеткізеді. Қисық , ирек,түзу жолдар болуы мүмкін. Сұқ саусақты қою бояуға батырып жолдарды жүріп шығады.

Әже: балалар жарайсыңдар деп тағы текшені лақтырады

3 саны бар үстелдің тапсырмасы:
«Не жасырынды?» дем алу жаттығуы
Шарты: манка крупасының астында жасырынып қалған жануарды түтікшемен үрлеудің арқасында табу

Әже: Жарайсыңдар балалар! Бәрің де бүгін өте жақсы қатыстыңдар.
Менің сыйымды қабыл алыңдар.

Қоштасу:

«Мерей» балабақшасы.
Логопед: Баймендина Гаухар Каиргужиновна.

Тәрбиеші:Шамгунова Ардақ Әбдімүтәліпқызы.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...