Суббота, 30 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамТұлғаМәңгі естелік....

Мәңгі естелік….

Сондай-ақ, оқыңыз...

2024 жылдың 18 ақпанында қоғам қайраткері, орман шаруашылығы саласының ардагері, Сандықтау ауданының Құрметті азаматы Сабыржанов Шыңғожа Сабыржанұлы өмірден озды.

Шыңғожа Сабыржанұлы дарынды басшы, білікті орманшы, ата-бабалар салған сара жолды жалғастырып, өз ел-жеріне адал қызмет еткен бірігей тұлға. Елінің елеулі азаматы халық қалаулысы болып, өңір тұрғындарының мүддесін қорғап, олардың алғысына ие болған. Саналы ғұмырын табиғатты қорғау және молайту саласында арнап, айтарлықтай жетістіктерге жетіп, Ақмола облысының дамуына өз сүбелі үлесін қосты.

Шынғожа Сабыржанов 1948 жылы 22 қаңтарда қазіргі Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты Ұялы ауылында дүниеге келген. Ауыл Үлкен Түкті таулы ормандарының бауырында орналасқан. Кең алқапқа ие болып тұрған Үлкен Түкті қалың орманында әр түрлі ағаштар өсіп, жабайы аңдармен құстар мекендеген. Сондықтан бала кезінен бері Шыңғожа Сабыржанұлы ауыл айналасындағы орманға жиі барып, оның сұлулығына тамсанып, таңғала ер жетті. Сонымен қатар, ол, әкесімен ағалаларынан табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға үйреніп, отбасындағы ұлттық тәлім-тәрбиенің тамаша мектебінен өткен.

Шыңғожа Сабыржанұлы мектептегі оқуды аяқтағаннан кейін КСРО Қарулы Күштерінің қатарына алынды. 1967-1969 жылдары Венгриядағы Оңтүстік әскери группасында Отан алдындағы өз борышын өтеді. 1968 жылдың тамыз-қазан айларында Кеңес әскерлері Чехословакияда жүргізен, жауынгерлік әскери операцияға қатысып, ерлік көрсеткен. Кейін 1974 жылы Алматы халық шаруашылығы Институтының орман шаруашылығы факультетін бітірді. Өз еңбек жолын Шыңғожа Сабыржанұлы ағаш шеберханасының қызметкерінен басталды. Орман шаруашылығы және табиғатты қорғау саласына жан-тәнімен қызмет етіп, орманшы — техник қызметінен Үлкен Түкті орман шаруашылық мекемесінің директорына дейін жоғарлатылды. Кейін 1990-2007 жылдары аралығында, Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығының директоры болып еңбектенді. Сол уақытта Шыңғожа Сабыржанұлы басшылық еткен шаруашылық облыстың және республиканың алдынғы қатарлы, үздік орман шаруашылығы мекемелерінің бірі болып шықты. Осы жылдар аралығында Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығынының материалдық-техникалық базасы нығайып және табиғатты молайту жұмыстары қарқынды жүрді.

Айта кетсек, мекемеде жүздеген гектар орман алқабы өсіріліп, қарағай және қайың көшеттері, түрлі бұта тұқымды өсімдіктер егілді. Әсіресе, орман шаруашылығы мамандағы бойынша жоғары оқу орындарында білім алған студенттер Шыңғожа Сабыржанұлы басқарған мекемеде тәжірибеден өткен. Ал Шыңғожа Сабыржанұлы әріптестерінің арасында лайықты беделге ие болды. Онымен үзеңгі қағысып, тел өскен замандас азаматтардың айтуынша, Шыңғожа Сабыржанұлы үлкен адамгершілігімен, шынайы ақылдылығымен және жоғары кәсібилігімен ерекшеленді. Ол өзінің тәжірибесінің, білімінің, жоғары моральдық-этикалық қағидаларының арқасында көптеген жас орманшы-мамандарды даярлауға елеулі еңбегін сіңірді.

Сонымен қатар, Шыңғожа Сабыржанұлы биліктің өкілді органдарының жұмысын ұйымдастырып, қоғамдық қызметті де ерекше көзге түсті. Ол бірнеше рет Сандықтау аудандық маслихатының депутаты сайланып, 2007-2011 жылдары аралығында Сандықтау аудандық маслихатының хатшысы болған. Халық қалаулысы ретінде келелі мәселелерді қарастырып, кемел шешімдер қабылдады. Әсіресе, аудан бюджеті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс және экономика салалары басты назарда болды. Осы уақытта мол тәжірибе, адал еңбектің нәтижесінде білгірлік пен кәсіби шеберліктің үлгісін көрсетіп, әрдайым сый-құрметке, абырой-беделге бөленіп келді. Қандай қызметте болса да ол, ең әуелі, халықтың мүддесі мен игілігін жоғары қойды. Өмір баспалдақтарының бар кезеңінде өзінің кәсіби терең білімін, күрделі, күрмеулі мәселелерді шешуде біліктілігін көрсетіп отырды.

Шыңғожа Сабыржанұлы отбасы үшін сенімді тірек, сүйікті жар, балалары мен немерелеріне үлгі болған еді. Ол бір ұл және екі қызды тәрбиелеп, бірнеше немересіне үлгі-өнеге берді.

Саналы ғұмырын орман шаруашылығына және мемлекеттік қызметке арнаған, ел тәуелсіздігінің тұғырын биіктету жолында абыройлы қызмет еткен Сабыржанов Шыңғожа Сабыржанұлы туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Евгений Кочетов Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесті

29 қараша күні Көкшетау қаласында «Көкшетау» мәдениет сарайында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Дмитриевич Кочетовтың Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесуі өтті. Қазақстан Республикасы...

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту шеңберінде жер қатынастары саласындағы бірқатар «жасырын» қызметтер регламенттелді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жер қатынастары саласындағы мемлекеттік органдардың функцияларын талдау қорытындысы бойынша «жасырын» қызметтерді регламенттеу жөнінде ұсыныс енгізді. Мәселен, бұған...

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің базасында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының облыстық слеті өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің...

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...