Воскресенье, 8 сентября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМедицинаЕліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен қатар, жетекші қазақстандық хирургтар ақмолалық пациенттер үшін озық операциялар жүргізді.

Бүгінде көпсалалы облыстық аурухана базасында күрделі жоғары технологиялық операциялар сериясы жүріп жатыр. Төрт танымал хирург жергілікті науқастарға озық медициналық көмек көрсетіп қана қоймайды. Сонымен қатар, олар жергілікті дәрігерлерге хирургиялық араласудың заманауи және инновациялық әдістерін көрсетеді.

Мысалы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Серік Имакұлы Тоқпанов диафрагманың өңеш саңылауының грыжасын жою бойынша операция жасады. А. Н. Сызғанов атындағы «Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ хирургия және бауыр трансплантациясы бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты хирург-дәрігер Мақсат Оңалбайұлы Досханов бауырдың эхинококкты кистасын жою отасын жасады. Өңірдің бас дәрігері еліміздің жетекші хирургтарынан осындай тәжірибе алу өңір дәрігерлері үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті.

«Біздің атақты әріптестерімізге берілген білімі мен тәжірибесі үшін алғысымызды айтамыз. Бүгінгі операциялар кезінде Ақмола дәрігерлері баға жетпес дағдыларды игеріп, хирургиялық араласудың жаңа әдістерін меңгеретініне сенімдімін. Практикалық тұрғыда тәжірибе алмасу бүгінде аса маңызды. Сонымен қатар, түрлі аурулары бар өңірдің төрт тұрғынына заманауи тәсілдерді қолдана отырып ота жасалды», — деп тілге тиек етті Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахильбеков.

Сондай-ақ, әртүрлі хирургиялық патологиялары бар науқастар үшін консультациялық қабылдау жоспарланған. «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасының бас штаттан тыс нейрохирургы Серік Қуандықұлы Ақшолақов бастаған дәрігерлер тобы көпсалалы облыстық аурухананың пациенттерімен тілдесіп, кеңес берді.

Камила Абдельманова, Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинскіде ашылған ескерткіш кімге арналған?

Әлеуметтік желілерде Щучинск қаласында ауған соғысы ардагерлеріне арнап орнатылған ескерткіш туралы ақпарат таралды. Ауған соғысына қатысушыларды ақтай да, даттай да алмаймыз. Олар отандарын басқыншы...

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сотта, 58-жастағы жұмыс істемейтін азамат «П.»-ға қатысты анасының денсаулығына зиян келтірмей ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі). Сотта анықталғандай, ер адам үйде...

Сот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Қосшы қалалық соты пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл, моральдық зиянды өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы «D.» ЖШС-ға 11 жұмысшының талап...

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев екі дүркін паралимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі –...

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес...