Пятница, 20 сентября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметПрезиденттік жастар кадр резервінің өкілі Бурабай ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Президенттік жастар кадр резервінің өкілі Бурабай ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі негізінде Бурабай ауданы әкімінің 2024 жылғы 22 мамырдағы өкімімен 2023 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің өкілі Мерей Рамазан Бурабай ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Рамазан Мерей Қарағанды облысының тумасы, Саран қ., 1989 жылы туған, жоғары білімі бар. 2011 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2018 жылы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану: Экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша тәмамдады. 2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басқару және бизнес магистрі дәрежесін алды.
2022 жылы Mohammed bin Rashid Government мектебінде (БАӘ) тағылымдамадан өтті.
ҚР МТ ұлттық стандарты бойынша сертификатталған жобалық менеджер:
1) ISO 21500-2014 “Жобаларды басқару жөніндегі басшылық», «Жоба басшысы» біліктілігі;
2) ISO 21503-2018 «Бағдарламаларды басқару жөніндегі басшылық», «Бағдарлама басшысы» біліктілігі.
Еңбек жолын 2011 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің (ҚР ЕХӘҚМ) бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінде жастар практикасынан бастады.
2012-2020 жылдары ҚР ЕХӘҚМ жүйесінде бас маман, мемлекеттік еңбек инспекторы, сарапшы, бас мемлекеттік еңбек инспекторы, бас сарапшы, басқарма басшысы лауазымдарында жұмыс істеді.
2020-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің бас консультанты болып жұмыс істеді.
2023 жылғы 2 қазаннан бастап Бурабай ауданының әкімі орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті бәсекелестікті құқықтық реттеу басқармасының басшысы лауазымында жұмыс істеді.
Сонымен қатар, «Әлеуметтік саласының үздігі», “Қазақстан мұнайына 120 жыл» ведомстволық медальдарымен және ҚР Премьер-Министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

МҚІА Департаменті қызмет алушының құқықтарын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» қызметін көрсету кезінде лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері...

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 363 қызмет алушының құқықтары сақталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесінде қашықтықтан жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 363 қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті. Осылайша, бұған...

Ақмола облысында 119 мемлекеттік қызметші үстеме жұмысқа тартылған

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, аппарат басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдер үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024...

Ақмола облысында өңірлік кадр резерві жасақталды

Ақмола облысы кадр комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 25 адам іріктелді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет...

«Өнерлі шаңырақ» облыстық байқауының жеңімпазы анықталды

Байқауға Ақмола облысының 13 өнерлі отбасылары қатысты. Гран-при иегерлері Қосшы қаласының Жайбусиновтар отбасы Нұрғиса Тілендиевтің “Ата толғау” күйін домбыра, бас домбыра, сырнай, сылдырмақ, шаңқобыз...