Суббота, 23 ноября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерАқкөлБіз таңдаған жол!

Біз таңдаған жол!

Сондай-ақ, оқыңыз...

— Балалық шақты жылтыр хрустальды шар деп санаймын, онда көз жауын алатын жылтырлығы – бұл әр баланың жарқын үміті, қуанышы және қабылдаудың тазалығы мен жаны, ал тазалық – нәзіктікті және ашық түсті, дыбысы таза, әлемі мейірімді және әр кімі мінсіз балалық шақтың бақытты жылдарын қайтару мүмкін емес.

Ақкөл ауданының сайлауалды штабында Асель Садыковамен бірге «Білім» БПҰ өкілдерімен өткен кездесудегі негізгі тақырыбы – балалардың сенімін жақсылыққа сақтау, оған өзін – өзі тануға көмектесу, ол үшін оң үлгі бола алу — бұл қолдарында мүмкіндіктері, ресурстары және тиімді шаралары бар, ересектердің міндеттері. Ол ұстаздарды «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды, алдағы сайлаудың маңыздылығы туралы, заманауи әлемдегі белсенді өмірлік позицияның маңыздылығы туралы айтып берді.

Бүгінгі күні ауданда 24 мектепке дейінгі мекеме, 27 мектеп, колледж, Балалар музыкалық мектебі, Балалар шығармашылық үйі, балалар мен жастар спорттық мектебі және Балалар уйі жұмыс істейді. Барлық білім беру ұйымдары азамдардың ең бағалысы — балаларға білім беруді, тарбие беруді қамтамасыз етуде.

«Nur Otan» партиясы біздің еліміздің азаматтық қоғамының басты біріктіруші күші,өзінің сайлауалды бағдарламасының аспектілерін орындау мақсатында біздің өсіп келе жатқан ұрпаққа лайықты болашақты қамтамасыз ету үшін өз алдына жинақталған әлеуетін сақтау және көбейту тапсырмаларын қояды.

2020 жыл барлығымыз үшін үлкен сынақтар жылы болды. Пандемия коронавирусы біздің өмірімізді өзгертті, көп сұрақтарға басқа көз қараспен қарауға міндеттеді. Сол кезде «Nur Otan» партиясы өз азаматтарына айтарлықтай қолдау көрсетті. Ақкөл ауданында «Biz birgemiz» акциясы аясында Елбасының ұйымдастырылуымен «Nur Otan» партиясының мүшелерімен және еріктілері 500 отбасыға азық – түлік себеттерін жеткізді, 545 адамға 50 000 теңгеден берілді. Осы жылы «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» жобасының аясында ауданда 9 жедел қызмет ету тобы әрекет етеді, олардың басты мақсаты отбасыларды, балаларды әл – ауқатсыз, қиын өмірлік жағдайлардан шығару, қатыгездік пен зорлық – зомбылықтың алдын алу. Және де қиын өмірлік жағдайға түскен отбасыларды уақытында анықтау, әр кімге уақытында шара қолдануға және әр кімге жедел көмек көрсетуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

— «Nur Otan» партиясы бір орында тұрмайды, біз оны Сайлауалдындағы бағдарламадан көре аламыз, онда партия: біздің ауданымыздың балаларын 70% дан 85% дейін мектепке дейінгі тәрбие мен білім берумен қамтуды

ұлғайту тапсырмасын өз алдына қойды. Мектептерде білім беру процессінің материалдық қамтамасыз етуін ары қарай жылжыту, бірте — бірте барлық мектептерді химия, физика және биология кабинеттерін жаңа модификациямен жабдықтау, бірінші сынып оқушыларын тегін тамақпен 100% қамтуды қамтамасыз ету. Сонымен қатар алдағы жылдары қала мектептерінің күрделі жөндеуін жасау жоспарлануда. Қазірдің өзінде біз білім беруде болып жатқан оң реформалардың куәсіміз. Және де бұл жолдың бір бөлігі ғана. Бұл қоғамның игілігі үшін жетістіктерге, қиындықтар мен үлкен еңбекке толы жол. Біз таңдаған жол! Біз бұл жолды «Nur Otan» партиясының, біздің партиямыздың үлкен қолдауымен бірге өтеміз! – деп, Асель Садыкова қортындылады.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Ақкөл ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...