Сенбі, Мамыр 18, 2024
20.2 C
Kokshetau
16 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамТуризмТуристік сала қызметкерлері марапатталды

Туристік сала қызметкерлері марапатталды

Облыс орталығындағы «Көкшетау» қонақ үйінде «Ақмола облысындағы туризмнің қоғамдық онкүндігі – 2021» аясында Дүниежүзілік туризм күніне арналған салтанатты шара өтті.

Шараға өңірдің туристік саласының басшылары, қоғам қайраткерлері, туризм саласындағы мемлекеттік және жеке ұйымдардың басшылары, блогерлер, БАҚ өкілдері мен журналистер қатысты.

Жиналғандарды облыс әкімнің орынбасары Қанат Ыдырысов және «Kazakh Torism» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов құттықтады.

Шара барысында туристік және қонақ үй саласының белсенді қызметшілері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік наградаларымен, сондай-ақ өңір басшылығының Құрмет грамоталарымен салтанатты түрде марапатталды.

Мерекелік бағдарламаны Ақмола облысының туризм саласындағы жетістіктері туралы көрме стендтері, өлкеміздің туристік әлеуеті туралы имидждік роликтердің бейне көрсетілімі, жарқын концерттік қойылымдар мен Көкшетау қаласының тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия толықтырды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...