Сәрсенбі, Мамыр 22, 2024
11.7 C
Kokshetau
11 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысы аумағындағы ірі елді мекендердегі атмосфералық ауа жағдайы

Ақмола облысы аумағындағы ірі елді мекендердегі атмосфералық ауа жағдайы

Ақмола облысы аумағында атмосфералық ауа жағдайын 8 постта бақылау жүрізіледі. Оның ішінде, Көкшетау қаласында 2 пост (1 қолмен,1 автоматты), Степногорск қаласында 1 пост (автоматты), Атбасар қаласында 1 пост (автоматты), Щучье қаласында 1 пост, Ақсу кентінде 1 пост, Шортан-Бурабай курорттық зонасында 2 пост (автоматты) орналасқан.

Көкшетау қаласы атмосфералық ауасының ластану деңгейі – РМК «Казгидромет» 2022 жылғы 1 тоқсан қортындысы бойынша, ақпараттық бюллетеніне сәйкес жоғары ластану  санатына жатады. Негізгі себеп, автоматты пост орналасқан жерде көмірмен жағылатын жер үйлер жақын орналасқан және автокөлік жолы бойында орналасқан.  Басқа жағдайларда атмосфералық ауаның жоғары ластануы немес экстремалды жоғары ластану тіркелмеген.

Көкшетау қаласында атмосфералық ауаның негізгі ластаушысы – автокөліктер мен жеке тұрғын үйлерден шығатын зиянды заттар. ҚР ІІМ мәліметтері бойынша облыста 312 мыңға жуық автокөлік тіркелген, оның 260 мыңы жеңіл көлік, 5 мыңы автобус, 40 мыңы ауыр жүк көліктері. Аталған көліктердің қолданыстағы саны 130 мың шамасында немесе барлық көліктің 44 пайызы.

Есептік талдауларға қарағанда, Көкшетау қаласы кәсіпорындарынан 13 301 тонна, автокөліктерден – 5000 тонна, жеке тұрғын үйлерден 1 900 тонна  ластаушы заттар атмосфералық ауаға таралған. Барлық атмосфераға тараған заттар көлемі – 20 248,6 тоннаға жуық.

Пайыздық есеппен қарастырсақ автокөліктен шығатын шығарындылар көлемі – 24,6%, «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК атмосфералық ауаға шығатын шығарындылар көлемі -30,1%, жер үйлердегі пештен шығатын ластаушылар көлемі-9,6%, басқа кәсіпорындар шығарындылары – 35,5% көлемінде.

Көкшетау қаласындағы көмірмен жағылатын жеке тұрғын үйлер саны – 11 мың шамасында, ол үйлерде 2018-2019 жылғы жылыту маусымында 40 мың тонна көмір жағылған.

Степногорск қаласы және Ақсу кенті жоғары ластану деңгейінде, стандартты ластану көрсеткіші – 2-ге тең. Степногорск қаласында көмірсутегі  көрсеткіші 2,1 ШРК құрады, қалған ластаушы заттар бойынша ШРК асып түсуі байқалған жоқ. Ақсу кентінде РМ 2,5-1,2 ШРК құрады, азот диоксиді – 2,4 ШРК құраған, қалған ластаушы заттар бойынша асып түсу байқалмаған,

Шортан-Бурабай курорттық зонасы, Щучье қаласы, Атбасар қаласы ластануы төмен деңгейіне жатады, автоматты посттағы бақылауларға сәйкес ШРК-дан асу байқалмаған.

Жалпы алғанда, Ақмола облысы аумағындағы атмосфералық ауа ластану деңгейі тұрақты саналады, автоматты және стационарлы посттарда жоғары және экстремальды жоғары ластану деңгейі тіркелмеген.

Ақмола облысы бойынша экология департаменті мамандардары профилактикалық және жоспардан тыс тексеріс кездерінде кәсіпорындардың стационалы-ұйымдастырылған және жылжымалы ластану көздерінен шығатын ластаушы заттарды кәсіпорындарға белгіленген нормативтерінен асырмауын аспаттық зерттеулермен бақылап отырады.

Сонымен қатар, әр тоқсан сайын Ақмола облысы аумағындағы 8 ірі кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймақтарында атмосфералық ауа ластануын аспаптық бақылау жүргізеді. 2021,2022 жылдың 1 тоқсаны бойынша шектік нормативтерден асу фактілері тіркелген жоқ.

Айқын Нұрахмет,

Ақмола облысы бойынша экология департаментінің бас маманы.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды

Көкшетауда «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құрған және басқарған қала тұрғынына қатысты үкім шықты. «Н» азаматшасы жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан...

Жоғалған 15 жасар ақмолалық жасөспірім аман табылды

Биылғы жылдың 20 мамырында Целиноград АПБ кезекші бөліміне кәмелетке толмаған қызын іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен аудан тұрғыны жүгінді. Әйел 19 мамырда таңғы сағат 10.00 шамасында,...

Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты

2024 жылдың 19 мамырында Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатқан Иран Ислам Республикасының сегізінші президенті Аятолла Сейед Ибрахим Раиси мінген тікұшақ...

Ақмола облысының прокуроры тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттықов Ақмола облысының прокуроры лауазымына тағайындалды. Руфат Бауыржанұлы еңбек...

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...