Четверг, 13 февраля, 2025
ЖаңалықтарМаңызды«Болашақ» халықаралық стипендиясының кезекті иегерлерінің тізімі жарияланды

«Болашақ» халықаралық стипендиясының кезекті иегерлерінің тізімі жарияланды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Халықаралық бағдарламалар орталығының кезекті «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

8 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия шешімімен 196 үміткер магистратура, докторантура, резиндентура бойынша және әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Стипендиаттар әлемнің 16 елінің жетекші білім ошақтарында, соның ішінде АҚШ (Гарвард университеті, Колумбия университеті, Массачусетс технологиялық институты), Канада (Торонто университеті), Ұлыбритания (Лондон экономика және саясаттану мектебі, Лондон Империялық колледжі, Лондонның Корольдік колледжі), Жапонияда (Токио университеті) т.б. білім алады.

Сондай-ақ олар қазіргі уақытқа аса қажетті қашықтан оқыту методикасы, жоғары білім берудегі стратегиялық менеджмент және көшбасшылық, университетті басқару, инклюзивті білім беру; медициналық генетика, вирусология, инфекциялық аурулар, эпидемиология, биотехнология, биомедицина; инновациялық менеджмент, цифрлық экономика, жасанды интеллект, мұнай-газ инжиниринг, авиация және аэроғарыш техникасы, атом өндірісі, IT, көлік технологиясы, машинақұрастыру, т.б. мамандықтарын меңгермек. 2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия берілді.

Оның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура және тағылымдама бағдарламаларына бөлінген. Қосымша 500 стипендия тағылымдаманың «ғалымдар» жаңа санаты бойынша берілді.

Бұл санат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында жыл сайын 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету мақсатында бекітілген.

Айта кетейік, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау осы жылғы 4 мамырдан 28 қазанға дейін жалғасады.

Стипендиаттар тізімін Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми сайтынан көруге болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...

Қазақстандағы әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту

Соңғы жылдары біздің еліміз бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыру арқылы адам құқықтары саласында белгілі бір жетістіктерге жетті. Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге...