Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau
19 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетАқмола облысында 1,5 мың домбырашы бір мезетте күй орындады

Ақмола облысында 1,5 мың домбырашы бір мезетте күй орындады

Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым. Рухани байлығымызды жаңғыртып, өскелең ұрпақ санасына ұлттық құндылығымызды сіңіру мақсатында Ұлттық домбыра күні белгіленді.

Осы күннің аясында ұлттық аспабымызды ұлықтау мақсатында игі дүниелер қайта жаңғырып, тың бастамалар бой көтереді. Ақмола облысы бойынша Ұлттық домбыра күніне орай 1000-нан астам іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды Ақмола облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.

Мереке қарсаңында Облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығымен Домбыра күніне және қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына арналған «Күмбірлеген күміс күй» атты облыстық байқауы өтті. Екі кезеңнен құралған байқауға барлығы Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Жақсы, Зеренді, Қорғалжын, Шортанды, Жарқайың аудандары мен Степногорск, Қосшы және Көкшетау қалаларынан 18-35 жас аралығындағы 20-дан астам күйші қатысты.

2 шілде күні облыс орталығы – Көкшетау қаласының «Абылай хан» алаңында Ұлттық домбыра күніне орай аталып өткен «Домбыра» атты флеш-моб 1,5 мыңға өнерпаздарды біріктірді. Облысымыздың кәсіби домбырашылары, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының К.Күмісбеков атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, Көкшетау қаласының Біржан Сал атындағы музыкалық колледжі, Ақан Сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің, қала мектептерінің, Ақкөл, Бурабай, Атбасар, Егіндікөл, Жақсы, Целиноград, Сандықтау, Қорғалжын, Бұланды, Шортанды, Зеренді аудандары мен Көкшетау, Қосшы қаласының бірлескен домбырашылар ансамблі мен күй мектебінің шәкірттері бірлесіп, қазақ халық композиторларының күйлерін бір мезетте орындады.

Ауқымды өнер мерекесіне Көкшетау («Даниярова» ЖК, «Калиева Б.А.» ЖК, «Гульбану Гумурзакова» ЖК), Қосшы («Өнер-2012» ЖК) қалалары, Қоянды («Рахим» ЖК, «Нурислам» ЖК), Өркендеу («Адал Ниет Астана») елді мекендерінің мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында қызмет көрсететін домбыра мектептері мен үйірмелері де белсенді ат салысты.

Фестиваль қазақтың қара домбырасының қасиетін арттыру, елге ұлттық өнерді насихаттау және халыққа өз өнерлерін паш ету басты мақсатын ұстанады.

Домбыраның күмбірі халқымыздың жүрегінде мәңгі жасасын!

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...