2021 жылғы 17 желтоқсанда 03 сағат 42 минутта Шортанды кенті Амангелді көшесі мекенжайы бойынша пәтер жанып жатқаны туралы хабар түсті.
Келген бойда екінші қабатта кіреберісте және түтіннің қатты шығуы салдарынан адамдардың пәтерлерінен шыға алмай қалғаны анықталды. Құтқарылғандардың ішінде екі ер адам, жүкті әйел және бала, жоғарыда аталған азаматтар өрттен, сондай-ақ улы газдан жарақат алған жоқ.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарынан өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды сұрайды.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.