Пятница, 18 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамҚорғалжында балық өнімдері шығарылады

Қорғалжында балық өнімдері шығарылады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, мереке күндері қарсаңында Қорғалжын ауданында балық өңдейтін цех ашылды. Абай ауылында орналасқан цехтың ашылуына Қорғалжын ауданының әкімі Берік Жанбаев, Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары Дарын Сабырғалиұлы, мәслихат хатшысы Берік Оралбайұлы қатысты.

Кәсіпкер Ерсайын Хасенов мырза шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары бойынша өндіріске қажетті құрылғылар алуға 30 миллион теңге сомасына несие алды.

Бүгінгі таңда кәсіпкер өз есебінен 20 миллион теңге сомасына ауданы 100 шаршы метр өндірістік ғимарат салып, балық өңдейтін цех жұмысын бастады. Алдағы уақытта кәсіпкер балық өнімдеріне жеке-жеке сертификат алады.

Цехта Қорғалжын ауданындағы көлдерде мекен ететін балықтардан қатырылған жартылай дайын котлеттер, тартылған балық еті секілді тағам түрлері өндірілетін болады. Дайын өнім ең алдымен Қорғалжын ауданы дүкендеріне сатылымға шығарылып, кейін облыс аумағы және Нұр-Сұлтан қаласына саудаға шығарылады.

Кәсіпкердің сөзінше, кәсіпорынға бастапқы мерзімде 4-5 адам жұмысқа алынып, оларды арнайы жабдықтармен жұмыс жасауға оқыту да жоспарлануда.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...

50 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Оның айтуынша,...

Ақмола облысында 88 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...