Сенбі, Шілде 27, 2024
21.2 C
Kokshetau
25 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері – құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін қорғау. Бұл туралы денсаулық сақтау саласындағы квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті дамыту мәселелері бойынша семинарда айтылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Абай Жаналинов медициналық ұйымдардың басшылығы мен комплаенс мамандарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық өзгерістер туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету шеңберінде квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың әлеуетті субъектілерінің шеңбері кеңейтілді. Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшылары өз қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлығы үшін дербес жауапты болады. Бұдан басқа, Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде квазимемлекеттік сектордың комплаенс-қызметтерінің жұмысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үйлестіруші рөлін күшейту көзделген. Атап айтқанда, өткен жылдың наурыз айында Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгі ережені бекітті.

«Тәуелсіз комплаенс бөлімшелерін құру және олардың тиімді жұмыс жасауы компания басшылары үшін басым бағыттардың бірі болуы тиіс, былайша айтқанда, бұл жерде «жоғарыдағы тон» маңызды. Ал денсаулық сақтау саласы ұйымдары үшін бұл мәселе өте өзекті, өйткені азаматтарымыздың денсаулығы медицина қызметкерлерінің жұмыс сапасы мен адалдығына байланысты», – деді Абай Жаналинов.

Спикер семинарға қатысушыларға компаниядағы парақорлықтың алдын алуға және корпоративтік мәдениетті арттыруға бағытталған ISO 37001 халықаралық стандартын енгізудің теориялық және практикалық аспектілерін түсіндірді.

Медициналық мекемелерде комплаенс-мамандардың біліктілігін үнемі арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу сапасын жақсарту қажеттілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде, ауруханалардың бірінің комплаенс бойынша маманы бір-біріне жақын туыстары болып табылатын және тікелей бағынатын медициналық мекеменің екі қызметкері арасында мүдделер қақтығысын анықтады. Комплаенс маманының қырағылығының арқасында мүдделер қақтығысы мәселесі шешілді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...