Жексенбі, Мамыр 19, 2024
14.3 C
Kokshetau
15 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетАқмола облысында Қазақстан полициясының мерейтойына арналған байқау өткізілді

Ақмола облысында Қазақстан полициясының мерейтойына арналған байқау өткізілді

Қазақстан полициясының 30 жылдығы аясында Ақмола облысының Полиция департаменті ішкі істер органдары қызметкерлері арасында өткен облыстық көркемөнерпаздар байқауының қорытындысын шығарды.

Іс-шараның демеушісі Ақмола Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Amanat» партиясынан облыстық мәслихаттың депутаты Омар Шоназаров болды.
Алдын ала қалалық басқармалар мен аудандық полиция бөлімдерінде байқаудың алғашқы кезеңдері өтті.

13 мамырда облыстық көркемөнерпаздар байқауына топтық іс-шаралардың жеңімпаздары келді. Концерт бағдарламасы үш номинациядан тұрды: «Аспаптық нөмір», «Жеке орындау. Вокал» және «Қызметкерлер балалары» номинациясы.

Көрермендер әсерлі, мазмұнды, жанрлық бағдарламаны тамашалап, музыкалық нөмірлерге толы патриоттық өрлеуден шабыт алды. Біржан Сал аудандық ПБ қызметкерінің ұлдары Жалғас пен Диас Армиевтер домбыра мен баянда фольклорлық нөмірлер орындады. Бурабай АПБ учаскелік инспекторы Бақтияр Сағынбаев «Адай күйі» композициясын шебер орындаумен көрермендерді қуантты.

Астрахан ауданының ПБ полиция инспекторы Динара Курумбаева сахнаға «Қазақстан жері» вокалдық нөмірімен шықты. Қорғалжын аудандық ПБ ардагері жиналғандардың назарына «Қорғалжын әні» әнін ұсынды. Жалпы іс-шараға 19 орындаушы қатысты.

Айта кету керек, жыл сайынғы ішкі істер органдарының көркемөнерпаздар байқауының шығармашылық қызметкерлер көрермендерге патриоттық көңіл-күй сыйлауға, ал әріптестеріне өз өнерлерімен шабыттандыруға мүмкіндік береді.

Барлық қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...