Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau
18 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында білім беру саласындағы квазимемлекеттік сектор комплаенс-офицер штаттық лауазымын енгізді

Ақмола облысында білім беру саласындағы квазимемлекеттік сектор комплаенс-офицер штаттық лауазымын енгізді

Көкшетау қаласының «Bolashaq Saraiy» балалар мен жасөспірімдер сарайының қабырғасында білім беру саласының квазимемлекеттік секторының субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін енгізу және дамыту мәселелері бойынша семинар өтті.

Семинар барысында Департаменттің превенция басқармасы басшысының орынбасары Абай Жаналинов сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың заманауи құралы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

Спикердің айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында комплаенс-қызметтердің қызметі мәселелерінде Антикордың үйлестіруші рөлі күшейтілуде. Ағымдағы жылдың 31 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережені бекітті. Ереже комплаенс мамандары үшін күнделікті қажет кітап ретінде қолданылады.

Сондай-ақ, ол бүгін жергілікті атқарушы органдарға ведомстволық бағынысты 283 квазимемлекеттік сектор ұйымдарында комплаенс бойынша мамандар тағайындалғанын атап өтті. Олардың ішінде 175-і – білім беру саласының ұйымдары. 70-тен астам комплаенс-офицерлер оқудан өтіп, тиісті сертификаттар алды.

Семинарда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен этиканы зерттеу секторының меңгерушісі Ержан Жаров сөз сөйлеп, парақорлықтың алдын алуға және компанияның корпоративтік мәдениетін арттыруға бағытталған ISO 37001 халықаралық стандартын енгізудің теориялық және практикалық аспектілері туралы айтып берді. Стандарт сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің барлық негізгі элементтерін қамтиды және оларды ұйымның бизнес-процестеріне біріктіру бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулар береді.

ISO 37001 халықаралық стандартын енгізуге дайын екенін білдірген білім беру саласының квазимемлекеттік секторы ұйымдарының бірі облыстық Білім басқармасы жанындағы «Bolashaq Saraiy» ШЖҚ МКК болды.

Ұйым басшылығының ақпараты бойынша, жақында «Bolashaq Saraiy»-нда кәсіпорынның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқаратын, ұжымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауын бақылайтын, мүдделер қақтығысын реттейтін, сондай-ақ корпоративтік этикалық құндылықтарды ілгерілететін комплаенс-офицердің штаттық лауазымы құрылды. Енді квазимемлекеттік кәсіпорын өңірдің Антикоры мен АМУ филиалының әдіснамалық қолдауымен ISO 37001 «Парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесі» стандартын сәтті енгізу үшін дайындық кезеңінен және сертификаттаудан өтуді жоспарлап отыр.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...