Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күннің ысуымен облыс аумағында балалардың терезден құлап кету оқиғасы жиілілеген.
«Маусым айында Көкшетау, Атбасар, Степногор қалаларында, сондай-ақ, Бурабай және Шортанды аудандарында балалардың терезеден құлауының 6 жағдайы тіркелді, оның екеуі Көкшетау қаласында болды. Абырой болғанда, балалардың барлығы аман, тек дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды», — деді ведомстводан.
Белгілі болғандай, маусымның 30-да Степногор қаласында 5 жасар ұл, Атбасар қаласында 4 жасар ұл бала терезеден құлап, дене жарақатын алған.
Ал, Шортанды ауданында балабақшаның 2 қабатынан тәрбиеленушінің құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Осы ретте, тәртіп сақшылары ата-аналарға балалардың терезеден құлау қаупі туралы ескертеді және жазатайым оқиғаны болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды ұсынады.