spot_img
spot_img
9.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаАқмола облысында бірнеше көліктің соқтығысуынан 9 адам зардап шекті

Ақмола облысында бірнеше көліктің соқтығысуынан 9 адам зардап шекті

-Жарнама -spot_img

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше,  жол апаты «Астана – Петропавл» автожолының 236-шақырымында орын алды.

Анықталғандай, Петропавл қаласының 34 жастағы тұрғыны басқарған «ВАЗ 2109» көлігі 64 жастағы астаналықтың басқаруындағы «Chevrolet Cobalt» автокөлігімен және Беларусь Республикасының 38 жастағы тұрғынының басқаруындағы Volvo автокөлігімен соқтығысқан. Кейін бұлардың артынан «Renault Sandero», «Газель», «Toyota Camry», «Daimler Chrysler» және «Toyota Prado»  көліктері келіп соқтығысты.

«Жол апаты салдарынан зардап шеккен «Авиценна Бурабай» ЖШС-не 19-49 жас аралығындағы 2 жүргізуші мен 7 жолаушы жеткізілді. Сонымен бірге,  6 жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша «Көлік құралдарының жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарына немесе өзге де мүлікке зиян келтіруге әкеп соққан Жол жүрісі ережелерін бұзуы» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды», – деді ведомстводан.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img