Жұма, Мамыр 17, 2024
9.7 C
Kokshetau
6 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметАқмола облысында мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту барысы жөнінде

Ақмола облысында мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту барысы жөнінде

Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытындағы талдау және мониторинг нәтижесінде 28 ұсыныс әзірленді.

Талдау қаржы, сауда салаларында жүргізілсе, мониторинг кәсіпкерлер тарап ретінде қатысатын әкімшілік рәсімдерге қатысты сұрақтар бойынша жүргізілді.

Жұмысқа мемлекеттік органдардың өкілдерімен қатар қоғам өкілдері, кәсіпкерлер, білікті сарапшылар қатысты. Олардың пікірлері негізінде көптеген өзекті мәселелер анықталды.

Мысалы, жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлерге ауыл шаруашылығы саласында түрлі субсидиялар төлейтіні белгілі. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес субсидиялардың нормалары шаруа қожалықтарынан оларды тағайындау жөніндегі өтінімдер түспестен бұрын әрбір есептік жылдың аяғына дейін әкімдіктердің қаулыларымен бекітілуі тиіс екен.

Бірақ, қалыптасып қалған тәжірибеге орай, тиісті қағидалардың талаптарына байланысты мұндай қаулылар бірқатар келісу сатыларын, қоғамдық кеңес, жұртшылықпен талқылаудан өткеннен кейін ғана қабылданып, әділет органдарымен мемлекеттік тіркеуге алынған. Осындай күрделі рәсімдердің кесірінен субсидиялау нормаларын бекіту жөніндегі шешімдер уақтылы қабылданбай жүрген, сол себепті өтініш берушілер субсидияларын алу үшін ұзақ мерзім күтуге мәжбүр болған.

Алдымызға кәсіпкерлікті қарқынды дамыту бойынша мақсат тұрған мұндай созбалаңға орын жоқ екені сөзсіз.

Бұға қоса, қаулыларды зерделей келе, мониторингке тартылған сарапшылар оларда мемлекеттік тіркеуді қажет ететін қандай да бір құқық нормалары жоқтығы туралы тұжырымға келді.

Сондай-ақ субсидиялауды жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары да, қызмет алушылар да осындай тәжірибенің екі тарапқа да бірдей ыңғайсыздығын атап өтті.

Осыған ұқсас өзекті мәселені Департамент өткен жылы денсаулық сақтау саласын талдау барысында медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін бекіту туралы мәслихаттардың шешімін қабылдау рәсімдері бойынша да анықтаған болатын.

Әрине, бұл жағдайда мәселенің ең айқын шешімі нормативтік құқықтық актілерден әкімдіктердің қаулыларын мемлекеттік тіркеуден өткізу қажеттігін алып тастау, сол себепті Департамент тиісті ұсыныстарды жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жолдады.

Осылайша, ағымдағы жылдың маусымында Әділет министрінің Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі бекітілді, онда медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін анықтау, нормаларды, нормативтерді бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актілер де енгізілді.

Яғни, кәсіпкерлер мен жергілікті мемлекеттік органдар көтерген мәселе өз шешімін тапты.

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жұмыстары  тек жартыжылдық талдау және мониторинг іс-шараларымен шектелмей, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру желісі бойынша өзінің үйлесімді жалғасын табады.

Атап өтсем, ағымдағы жылы Департаменттің 16 бастамашылық ұсыныстары орталық уәкілетті органдардың қолдауын көріп, жүзеге асырылды.

Жалпы енгізілген ұсыныстардың сипаты сан алуан: заңнамада қайшылықтар, ақпараттық жүйедегі олқылықтар, өтініш берушілерге қойылатын артық талаптарды жою және тағы басқалар.

Осы бағыттағы жұмыс көрсеткен ең басты тұжырым, ол – өзекті, проблемалық мәселелерді анықтау үшін қызмет алушылар мен бюрократиялық көрініске кез болған азаматтардың белсенді ұстанымы қажет. Сондықтан оқырмандардың нақты ұсыныстары болса, оларды elgeqyzmet03@mail.ru электрондық мекенжайына, «ұсыныс» тақырыбын қойып, жолдауға шақырамын.

Думан Әбілев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...