spot_img
spot_img
8.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаАқмола облысында өрт кезінде ер адам құтқарылды

Ақмола облысында өрт кезінде ер адам құтқарылды

-Жарнама -spot_img

2023 жылғы 15 қаңтарда сағат 01:40-та Астрахан ауданының Новочеркаск кентінде жеке тұрғын үйде өртенді.  Өртті сөндіру кезінде үй иесі 1963 жылғы ер адам құтқарылды. Ол 2-3 дәрежелі күйік алды. Ер адамды көршісі құтқарып қалған. Зардап шеккен адам Астрахан орталық аудандық ауруханасына жеткізді.

Оқиға орнына азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар шықты. Өрт 02:12 ауыздықталып, 02:25 жойылды.

Осы дерек бойынша тексеру жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша өрттің шығу себебі – қысқа тұйықталуға әкеп соқтырған оқшауланбаған электр сымдары бар электр қабылдағышты (қазандықты) пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып отыр.

Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері тұрғындар мен қонақтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауларын сұрайды. Төтенше жағдайлар туындаған кезде «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалыңыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img