spot_img
- Жарнама -spot_img
23.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысЕсірткі саудасы үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер Ақмола облысында қолға түсті

Есірткі саудасы үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер Ақмола облысында қолға түсті

-Жарнама -spot_img

Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Зеренді ауданының кенттерінің бірінде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 1978 жылы туған қылмыскерді ұстады.

Орынбор қаласының тумасын Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары РФ ҚК 228-бабы 3-бөлігінің «б» тармағында, 30-бабының 3-бөлігінде, 228-бабы 4-бөлігінің «г» тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін іздестірген. Ұсталған азамат 2018 жылы есірткі заттарын ерекше мөлшерде заңсыз сатқаны үшін сотталғаны белгілі, алайда сотталушы қашып кеткен. Осыған байланысты іздеу жарияланды.

Үш жыл «қашудан» кейін ер адам Ақмола облысы Зеренді ауданы ауылдарының біріне оралды, ол жерде бұрын әкесі тұрған.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат ПД уақытша ұстау изоляторына қамалып, Ресейге экстрадициялау туралы мәселе шешілуде.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img