spot_img
spot_img
9.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту мәселелері талқыланды

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту мәселелері талқыланды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қабырғасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде қоғамдық бақылау институтын дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Кеңеске өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшылығы, Ақмола облысының әдеп жөніндегі уәкілі, «AMANAT» партиясы филиалының, облыстық Қоғамдық кеңестің, өңірлік Кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ өңірдің мемлекеттік құрылымдарының өкілдері қатысты.

Сөз сөйлеу барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне белсенді тартудың маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, «Қазір ел алдында тұрған міндеттер мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізуін, азаматтық қоғам институттарын жүйелі түрде жаңғыртуды талап етеді». Қоғамдық бақылаудың рөлін күшейту мәселелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі басты стратегиялық құжат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында да көрініс тапқан. Осы тұрғыда еліміздің басты басымдықтарын тиімді іске асыру аясында азаматтық қоғам өкілдерінің мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс – қимылын орнату қажет», – деді Айдос Жақиялин.

«Ақмола облысының Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін тұтынушылар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Арман Садықов өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметіне жобалық басқаруды енгізуге жүргізілген қоғамдық мониторинг, сондай-ақ сапалы білім беруді іске асыру мониторингі нәтижелері бойынша бірқатар проблемалық мәселелерді атап өтті.

«Әділдік жолы» РҚБ филиалының жетекшісі Самира Тайтенова қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қатысуы туралы айтып берді.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстар айтты, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды мәселелері бойынша мемлекеттік аппарат пен азаматтық сектордың тиімді өзара іс-қимылын құрудың алдағы жоспарларын айқындады.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img