Сенбі, Шілде 27, 2024
21.2 C
Kokshetau
25 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңызды«Арқа төрі – Ақмола!» облыстық байқауы: «Koksheinform» ақпарат агенттігі үздік атанды

«Арқа төрі – Ақмола!» облыстық байқауы: «Koksheinform» ақпарат агенттігі үздік атанды

Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні аталып өтілді.

Салтанатты шараға облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, журналистика ардагерлері, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының меншікті тілшілері, байланыс саласының қызметкерлері қатысты.

Шарада облыс басшысы Ермек Маржықпаев сөз сөйлеп, ақпарат жəне байланыс саласының қызметкерлерін кəсіби мерекелерімен құттықтады.

«Кәсіби мерекелеріңіз ақпарат саласы қызметкерлері күнімен шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар. Бүгін өңірімізде халықты ел мен жердің тыныс-тіршілігімен таныстырып, жаһандағы жаңалықтан хабардар етіп отырған газет пен журнал, радио мен телевизия саласында 1000-ға жуық адам жұмыс істейді. Билік пен қоғамды байланыстыратын алтын көпір ретіндегі ақпараттық қызметтеріңіз үшін рахмет!», – деді Ермек Маржықпаев.

Шара барысында бірқатар журналистер облыс әкімінің Алғыс хатына ие болып, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Арқа төрі – Ақмола!» облыстық байқауының жүлдегерлері марапатталды.

Оның ішінде «Koksheinform» ақпарат агенттігі «Үздік жаңалықтар порталы» аталымы бойынша үздік деп танылды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...