Жұма, Мамыр 3, 2024
1.9 C
Kokshetau
3 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында ҚТЖ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды

Ақмола облысында ҚТЖ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды

«Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ филиалының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындыларын «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында талқылады.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысына облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, «ҚТЖ «ҰК» АҚ филиалының, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығы, квазимемлекеттік сектор ұйымдары мен бизнес субъектілерінің, қоғамдық бірлестіктердің, партиялардың, сондай-ақ өңірдің мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде облыстық Антикор басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин заңнамадағы олқылықтар мен көптеген шешілмеген мәселелер ҚТЖ-да сыбайлас жемқорлыққа қолайлы жағдай туғызатынын атап өтті.

Талдау көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері вагондарды беру кезіндегі әкімшілік кедергілерге, тиісті цифрландырудың болмауына, теміржолшылардың кәсіпкерлермен тікелей байланысына және басқа да мәселелерге байланысты.

Мысалы, вагондарды беру бойынша негізгі бизнес-процестер қол режимінде реттеледі, вагондарды бөлу жөніндегі түпкілікті шешім іс жүзінде ҚТЖ басшылығының еркіне байланысты болады, осылайша процестерді автоматтандырудың жетілмегендігі және нақты алгоритмнің болмауы жосықсыз адамдардың жеке мүдделері үшін вагондарды манипуляциялауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, бір кәсіпкерге вагондарды уақтылы бермеу және басқаларына жеделдетіп беру, сондай-ақ маневрлік қызметтер көрсету кезінде жекелеген жүк алушыларға артықшылық беру фактілеріне жол беріледі.

Департамент талдау нәтижелері бойынша белгіленген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін тиісті ұсынымдар енгізді.

«Теміржол – бұл болат артерия, кез-келген мемлекеттің көлік жүйесінің негізгі буыны. Алайда, бүгінгі таңда теміржол көлігі саласындағы елеулі кемшіліктер ұйымның беделіне және оның қызметіне нұқсан келтіреді, бұл өз кезегінде азаматтардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатына қауіп төндіреді. Сондықтан мұнда басшылық тарапынан бақылауды қамтамасыз ете отырып, тиісті жұмыс жүргізу қажет, бұл мәселе ауқымды сипатта екенін түсіну қажет», – деп атап өтті Айдос Жақиялин.

Өз кезегінде, ҚТЖ филиалының басшылығы өз жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Отырыс барысында өңірдің кәсіпкерлері жүк теміржол көлігінің логистикасы бойынша өз проблемаларын айтты, облыстың Антикор басшылығы аталған мәселелерді бақылауға алды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...