Жексенбі, Мамыр 12, 2024
22.2 C
Kokshetau
20 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықСыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 42 адам сотталды

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 42 адам сотталды

2021 жылы және ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облыс соттарымен сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 42 адам сотталды.

Ақтау үкімдерін шығару фактілері орын алмаған, ешкім қылмыстық жауапкершіліктен құтыла алмады, барлығы әртүрлі жазаларға сотталды.

Бас бостандығынан айыру 16 адамға, айыппұл 16, бас бостандығын шектеу 10 сотталған адамға тағайындалды.

Айта кету керек, мемлекеттік органдарда төменгі буыннан бастап басшылық құрамға дейін әртүрлі лауазымдарды атқаратын субъектілер жауапкершілікке тартылады.

Мәселен, биыл Көкшетау қалалық сотының облыстық полиция департаментінің лауазымды тұлғалары А.Садуов пен С. Жұмалинаға қатысты сыйақы беру және іс-сапарға жіберу туралы жалған бұйрықтар шығару арқылы бюджеттік қаражатты жұмсау фактілері бойынша үкімі заңды күшіне енді, олар полиция полковнигі – арнаулы атағынан айырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мәселелері ерекше назарда, жазалар қатаңдатылып, бас бостандығынан айыру мерзімдері ұзартылды.

Ақмола облысының прокуратурасы.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғаты пайдалануды реттеу басқармасына басшы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Джанет Қанатұлы Микишев Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғаты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды. Джанет Қанатұлы, 1987 жылы Ақмола облысы Біржан сал ауданында туған, білімі жоғары, Сәтбаев...

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...