spot_img
spot_img
14 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАқмола облысында жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам есірткіге масаң күйде ұсталды

Ақмола облысында жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам есірткіге масаң күйде ұсталды

-Жарнама -spot_img

Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде сағат 18:50 шамасында патрульдік полиция батальонының «Тұлпар 1» қызметкерлері «Екатеринбург-Алматы» автожолының 951 шақырымында жол қозғалысын бақылауды жүзеге асыру барысында Павлодар қаласының 43 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Мерседес» маркалы автокөлігін тоқтатты.

Полицейлердің назарын көлік құралындағы оқылмайтын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі аударды.

Полиция қызметкерлеріне бара жатқан жүргізуші шайқалып жүрген. Сөйлесу барысында ер адам 2020 жылы 7 жылға басқару құқығынан айырылғанын мойындады. Деректер базасы бұл фактіні растады.

Аға лейтенант Алшинбаев Бүркіт пен сержант Жапарғұлов Ағыбай жүргізушіні көлік құралын басқарудан шеттетіп, оған медициналық куәландырудан өтуді ұсынды.

Сарапшылардың пікірінше, жүргізуші марихуананы қолданудан туындаған есірткіге мас болған.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі бойынша «көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img