spot_img
spot_img
12.7 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАқмола облысында жалған чектер бойынша тауар сатып алған алаяқтар үш жыл алты...

Ақмола облысында жалған чектер бойынша тауар сатып алған алаяқтар үш жыл алты айға сотталды

-Жарнама -spot_img

Көкшетау қаласының 24 және 31 жастағы тұрғындары 2021 жылдың тамыз айынан қараша айына дейін Красный Яр ауылының азық-түлік дүкендерінің бірінің сатушысын жаңылыстырып, төлемсіз тауар алған.

Қаскүнемдер дүкендегі кассирлердің мобильді қосымша арқылы ақша аудару кезінде аудару расталуын көрсетуді талап етпей, тек түбіртектің болуына ғана назар аударатынын байқаған.

Осылайша, клиенттер өнімді таңдап, бағасын нақтылап, сатушыны алдаған. Алаяқтар смартфондағы қосымшаның көмегімен алушының аты-жөні мен сомасын жазып, жалған төлем чегін жасаған.

Шығын сомасы 3 млн.62 мың теңгені құрады.

Көкшетау қалалық сотының үкімімен қаскүнемдер ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img