Сенбі, Мамыр 18, 2024
17.5 C
Kokshetau
19 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында жеке кәсіпкерлерге салықтық берешек туралы негізсіз бұйрықтар шығарылды

Ақмола облысында жеке кәсіпкерлерге салықтық берешек туралы негізсіз бұйрықтар шығарылды

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өңірдің жеке кәсіпкерлерінен берешекті өндіріп алу туралы негізсіз салықтық бұйрықтар шығаруды анықтады.

Мониторинг барысында мемлекеттік кірістер органдары 14 жеке кәсіпкерге қатысты салықтар бойынша берешекті өтеу талап етілген салық бұйрықтарын шығарғаны анықталды. Бұйрықтардың негізінде сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізуді қозғаған.

Салық кодексіне сәйкес (128-бап) мұндай бұйрықтар жеке кәсіпкер болып табылмайтын немесе жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларға шығарылуы мүмкін.

Салық қызметкерлерінің айтуынша, бұл жағдайдың себебі ақпараттық жүйенің жетілмегендігі болды. Жүйе автоматты түрде жеке тұлға ретінде емес, жеке кәсіпкер ретінде берешек туралы хабарламалар мен салықтық бұйрықтар шығаратыны белгілі болды.

Департамент уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар жолдағаннан кейін 14 кәсіпкерге қатысты негізсіз шығарылған салық бұйрықтары жойылды, ал атқарушылық іс жүргізу тоқтатылды.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Мемлекеттік кірістер комитеті ақпараттық жүйенің кемшіліктерін жойып, енді кәсіпкерлерге салық бұйрықтары шығарылмайтын болды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...