Жексенбі, Мамыр 19, 2024
14.3 C
Kokshetau
15 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЗерендіАқмола облысының әкімі Зеренді ауданындағы орман өртін сөндіруге көмектесті

Ақмола облысының әкімі Зеренді ауданындағы орман өртін сөндіруге көмектесті

Өрт қауіпті кезеңнен өту аясында бүгін облыс әкімі Ермек Маржықпаев пен ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8 тікұшағында орманды дала алабын әуеден барлап өтті.

Ұшу барысында 15 сағат 05 минутта Зеренді ауданы «Көкшетау» МҰТП саңырауқұлақ орманшылығының аумағында орман алабының жануы анықталып, өрт орнына қону және өртті қолда бар құралдармен сөндіруге кірісу туралы шешім қабылданды. 20 м/с дейінгі желдің екпініне байланысты өрттің таралу қаупі туындаған.

Дереу дабыл бойынша «Көкшетау» МҰТП, Ақмола облысы ТЖД, «Викторовка» ЖШС және «Айдабыл спирт зауыты» ҰМКҚ жеке құрамынан 30-дан астам адам және 7 бірлік техника жұмылдырылды.

​Айта кетейік, алғашқы бөлімшелер келгенге дейін өрт оқшауланған.

​Уақытылы және жедел іс-қимылдардың арқасында 0,02 га аумақтағы жану сағат 15:35-те оқшауланып, сағат 16:00-де жойылды.

​Аймақ басшысы табиғи парк пен орманшылықтың жұмыссыздығын сынға алды.

«Орманды алқаптарды авиациялық патрульдеудің артықшылығын атап өткен жөн. Бүгінгі күні әуеде ұшудың арқасында өртті дер кезінде байқап, сөндіруге мүмкіндік туды, бұл өрттің үлкен аумақтарға таралуына жол бермеді», – деді Ермек Маржықпаев.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...