Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau
19 C
Nur-Sultan
25 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамТағайындауАқмола облысының Полиция департаментінде бірқатар кадрлық тағайындаулар өтті

Ақмола облысының Полиция департаментінде бірқатар кадрлық тағайындаулар өтті

27 қарашада Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақмола облысы ПД қалалық және аудандық полиция басқармалары мен бөлімдерінің бірқатар басшылары тағайындалды.
Степногорск қаласы Полиция басқармасының бастығы лауазымына полиция полковнигі Сақанов Талғат Әбдірахманұлы тағайындалды, ол бұрын Қосшы қаласының полиция бөлімін басқарған.

Т. А. Саканов 1973 жылы 25 наурызда Ақмола облысы Егіндікөл ауылында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында қызметін 1996 жылы Ақмола облысының Краснознаменск (қазіргі Егіндікөл) ауданы бойынша МТКБ қызметкері болып бастады. Сол жылы ол кіші жедел уәкіл лауазымына тағайындалды және әр уақытта әртүрлі жедел қызметтерде жұмыс істеді.

Саканов Талғат Әбдірахманұлы Целиноград ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары, Егіндікөл және Астрахан аудандарының полиция бөлімдерін басқарды. 2021 жылы Қосшы қаласының полиция бөлімі ашылғаннан кейін үлкен тәжірибе мен кәсіби білімді ескере отырып, Т.А. Саканов осы бөлімшенің басшысы болып тағайындалды.

28 қарашада жаңа басшыны Степногорск қаласы полиция басқармасының жеке құрамына ПД бастығының орынбасары полковник Б. Е. Ералин таныстырды.
ҚР ІІМ-нің осы бұйрығымен Қосшы қаласы полиция бөлімінің бастығы лауазымына Ішкі істер органдарында 30 жылдан астам қызмет атқарған полиция полковнигі Азамат Ташкенбайұлы Аушакимов тағайындалды.

А. Т. Аушакимов Ішкі істер органдарында қызметін ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің курсанты болып бастады. Бейінді білім алғаннан кейін Көкшетау облысы ІІБ Щучье ҚІІБ жедел уәкілі, содан кейін тергеушісі болып тағайындалды. Әр уақытта тергеуші, аға тергеуші, Астрахан АІІБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, Анықтау және Тергеу басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
Азамат Ташкенбайұлы Департаменттің Анықтау басқармасын, Целиноград ауданының полиция бөлімін басқарды. Соңғы лауазымы – Шортанды ауданының полиция бөлімінің бастығы.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Шортанды ауданының полиция бөлімін полиция полковнигі Ерлан Қалиұлы Оразбаев басқарды.

Е. Қ. Оразбаев 1979 жылы 22 тамызда Ақмола облысында дүниеге келген. ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітіргеннен кейін, 2000 жылы қызметін Қарағанды облысы Нұра ауданының ӘПБ учаскелік инспекторы қызметінен бастады. Әр уақытта жедел және тергеу бөлімшелерінде жұмыс істеді, Қарағанды облысы ІІД Приозерск қаласының Ішкі істер бөлімін, Қарағанды қаласы ІІБ Киров полиция бөлімін, Нұра ауданының полиция бөлімін басқарды. Соңғы лауазымы – Қарағанды облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы.

Қосшы қаласы полиция бөлімінің және Шортанды ауданы ПБ жеке құрамына жаңа басшыларды ПД бастығының бірінші орынбасары полковник С. М. Әбутәліпов таныстырды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...