spot_img
spot_img
14 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаАқмола полицейлері Бурабай ауданындағы оқу-сауықтыру орталығында жасөспірімнің өлімі фактісін тергеп жатыр

Ақмола полицейлері Бурабай ауданындағы оқу-сауықтыру орталығында жасөспірімнің өлімі фактісін тергеп жатыр

-Жарнама -spot_img

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында сағат 06.36 шамасында Бурабай ауданының полиция бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшерінен 2008 жылы туған кәмелетке толмаған баланың балалар оқу – сауықтыру орталықтарының бірінің аумағында қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы жасөспірімнің Ақтөбе облысынан Бурабай ауданына 9 қаңтарда балалар тобының құрамында келгенін анықтады.

10 қаңтардан 11 қаңтарға қараған түні кәмелетке толмаған бала іш ауыруына шағымданған, ал таңертеңгі сағат 05.00 шамасында ауырсынудың күшеюіне байланысты кешеннің медициналық бөліміне жүгініп, жедел жәрдем шақырылған.

Алайда жедел жәрдем келгенге дейін бала көз жұмған. Алғашқы тексеру кезінде жасөспірімнің зорлық-зомбылықтан қайтыс болуының сыртқы белгілері табылған жоқ.

Жасөспірімнің қайтыс болу фактісі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ оқу-сауықтыру орталығының аумағында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмыс істеуде.

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында жасөспірім өлімінің себебі ағзаның қаназдығы екені белгілі болды. Негізгі ауру: тамыр қабырғасының желінуімен кіші жамбастың қатерлі ісігі. Қан кету көзі ісікті қоректендіретін тамыр.

Тергеу жалғасуда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img