Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметДепартамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен өтініш беруші жүгінді.

Осылайша, өтініш беруші 2007 жылы мемлекеттен жалға алынған жер учаскесінде көлікжай салып, оны сол жылы заңдастырған.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 52-бабының 1-тармағына сәйкес ғимараттарға меншік құқығы заңнамада белгіленген тәртіппен аталған ғимараттар орналасқан жер учаскесіне меншік құқығын білдіреді. Аталған құқықтар бір-бірінен бөлінбейді.

Осыған байланысты, меншік иесі өзінің заңды құқықтарын іске асыру үшін Көкшетау қаласының әкімдігіне жер учаскесін сатып алу туралы өтінішпен жүгінген, алайда оған жергілікті атқарушы орган жер учаскесінің нысаналық мақсаты қаланың бас жоспарына сәйкес келмейтіндігін атап, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан.

Дегенмен Департамент тексеру барысында анықтағандай, Көкшетау қаласының бас жоспары өтініш беруші өз құрылысын жүзеге асырғаннан  кейін бекітілген.

Сонымен қатар, жер учаскесін жеке меншікке сату кезінде осы мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау тәртібі көзделмеген, өйткені бұл мәселе жер заңнамасына сәйкес жер учаскесін мемлекеттік меншіктен бастапқы беру кезінде қаралады.

Осыған байланысты Департамент мемлекеттік органның бас тартуын негізсіз деп танып, әкімдікке көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге міндеттейтін шешім енгізді.

Соның нәтижесінде Көкшетау қаласының әкімдігі өтініш берушіге жеке меншікке жер учаскесін сату туралы қаулы қабылдады.

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...