Дүйсенбі, Мамыр 6, 2024
12.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетАқмолалық «Карнавал» би ұжымы республикалық байқаудың Гран-при иегере атанды

Ақмолалық «Карнавал» би ұжымы республикалық байқаудың Гран-при иегере атанды

Ақмола облыстық мәдениет басқармасының мәліметінше,  22 сәуір күні Орал қаласында «Биле Ақжайық» III Республикалық байқауы өтті.  Аталмыш шараға Ақмола облысы атынан Жақсы ауданы Белағаш ауылының «Карнавал» би ұжымы  қатысып, қазылар алқасының шешімімен «Халық биі» аталымы бойынша Гран-при иегері атанды.

«Карнавал» көркемөнерпаздар би ұжымы 1999 жылы құрылды.  Содан бері «Карнавал» хореографиялық ұжымы балалар мен жасөспірімдер үшін нағыз эстетикалық тәрбие мектебіне айналып отыр.

«Ұжымның репертуарында халық стиліндегі және эстрадалық билер бар, онда қатысушылар хореографиялық дайындықты, әртістік қабілеттерін көрсетеді, өз сезімдерін білдіреді. Ұжым өзінің репертуарын толықтыру үшін үнемі жұмыс істейді. Ұжымдағы жұмыс әр түрлі жоспармен жүзеге асырылады, бұл би мәдениетіндегі түрлі бағыттарды игеруге мүмкіндік береді. Көшбасшы іс-әрекеттің негізгі бағытын жетілдіруді, жаңа нәрсені білуге деген ұмтылысты, жеке тұлғаны және тұтастай ұжымды дамытуды анықтайды. Ұжымда 6 жастан 15 жасқа дейінгі үш топта 36 бала шұғылданады»,  – деді ведомстводан.

Ұжым би өнеріне сіңірген еңбегі үшін бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталған.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...