spot_img
spot_img
14 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАқмолалық полицейлер автокөлікті өртеу күдіктісін ұстады

Ақмолалық полицейлер автокөлікті өртеу күдіктісін ұстады

-Жарнама -spot_img

Криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жасалған қылмысты ашты. Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде Ақкөл аудандық полиция бөліміне Ақкөл қаласының 50 жастағы тұрғыны жүгінді. Өтініш беруші 7 қыркүйекте Ақкөл қаласындағы дәмханалардың бірінің жанындағы тұрақта белгісіз тұлға оның «ВАЗ-2107» маркалы автокөлігін өртегенін айтты. Келтірілген залалдың сомасы 1 млн.теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын сотталған 28 жастағы ер адам болып шықты. Күдіктінің бұрын құрылыс-жөндеу жұмыстарымен айналысатын өтініш берушіде әртүрлі жұмысты істейтін жұмысшы ретінде қызмет еткені анықталды. Ер адам жұмысқа шықпай қойғандықтан жұмыстан босатылған. Бұған жауап ретінде қаскүнем қараңғы уақытта көліктің салонына жанып тұрған қағазды лақтырып, көлікті өртеп жіберген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлігі «бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Ақкөл аудандық ПБ УҰИ-ға қамауға алынды. Қазіргі уақытта оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img