-26.8 C
Кокшетау
Воскресенье, 10 декабря, 2023
ЖаңалықтарҚоғамСпортАқмолалық жасөспірім муайтайдан Қазақстан чемпионы атанды

Ақмолалық жасөспірім муайтайдан Қазақстан чемпионы атанды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында муайтайдан (W.M.F) республикалық турнир өтті. Рингте 100-ден астам спортшы шығып өнер көрсетті.

«57 кг салмақта 14-15 жас аралығындағылар арасында жерлесіміз Роберт Давыдов чемпион атанды. 51 келі салмақта 16-17 жас аралығындағылар арасында  тағы бір жерлесіміз Мұхиден Мақсат екінші орыннан көрінді. Сондай-ақ, 14-15 жас аралығындағылар арасында  ақмолалықтар – Мадияр Жукин (60 кг), Расул Малиновский (63,5 кг) және Үспек Мырзабеков (67 кг) үшінші орын иеленді.

«Ұзақ және тыңғылықты дайындалдық. Күн сайын бізде спарринг болды. Осының арқасында маңдай тер зая кеткен жоқ», — дейді жарыс жеңімпазы Роберт Давыдов.

- Жарнама -spot_img
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img