Четверг, 16 января, 2025
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАқмола облысында 159 "қарасора" бұтасы тәркіленді

Ақмола облысында 159 «қарасора» бұтасы тәркіленді

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Қарасора-2021» және «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу шаралары аясында ақмолалық жедел уәкілдер құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 2 фактісін тіркеді.

Ағымдағы жылдың 21 шілдесінде Степногорск қ. ПБ қызметкерлері Степногорск қаласының 37 және 49 жастағы жұмыссыз тұрғындарын анықтады, олар өз саяжайларында құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірумен және баптаумен айналысқан.

Ұзақ уақыт бойы қаскүнемдер есірткі полицейлерінің «бақылауында» болды, осы уақыт ішінде тәртіп сақшылары әрқайсысының қылмыстық әрекеті туралы дәлелдер жинады.

Саяжай учаскелерін тексеру барысында күдіктілердің әрқайсысынан «қарасора» тұқымдас өсімдіктер табылып, тәркіленді, өсімдіктердің жалпы саны осы өсімдіктің 159 бұтасын құрайды. Сондай-ақ, өсімдіктерді өсіру және күту туралы әдебиеттер алынды.

Қазіргі уақытта екі факті бойынша ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлігі «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды, сараптама жүргізілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 16 шілдеде Көкшетау қаласының аумағында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу» бойынша Петропавловск қ. ПБ іздеуде жүрген 29 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының жұмыссыз тұрғынын ұстады.

Ұстау кезінде қылмыстық құқық бұзушыдан құрамында көк түсті ұнтақ тәрізді консистенциясы бар жеті полиэтилен түйіншегі (болжамды психотроптық зат) табылып, тәркіленді. Кейіннен қылмыскер уақытша тұрған қонақ үйді тінту кезінде құрамында ақ түсті ұнтақты консистенциясы бар полиэтилен пакет алынды. Барлық алынған заттар бойынша сараптама тағайындалды.

Ұсталған адамға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды, оның басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...