Жұма, Мамыр 17, 2024
15.2 C
Kokshetau
6 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетАбай әлеміне саяхат: онлайн экскурсия өткізілді

Абай әлеміне саяхат: онлайн экскурсия өткізілді

Абай күніне орай Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұжымы  Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейімен онлайн экскурсия өткізді.

Игі шараның мақсаты – қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл, кемеңгер Абайдың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттап, өскелең ұрпаққа дәріптеу.

Бүгін барша халқымыз үшін мәні терең, мәртебесі биік мереке. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың баға жетпес мұрасын насихаттау ел жастарына ұғындыру біздің азаматтық парызымыз болып табылады. Себебі, Абай Құнанбайұлы әлемдік деңгейдегі ұлы тұлға.

ZOOM платформасы арқылы жүргізілген  іс-шараға Ақмола облысының  ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары C.Кенжебаев және мекеме қызметкерлері, басқарма жанындағы Орталықтардың және облыс аудандарының қызметкерлері, сондай-ақ  «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы» жанындағы «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» КММ азаматтық бастамаларды дамыту бөлімінің  мамандары қатысты.

Шара барысында  Абайдың туып-өскен ортасы, балалық шағы, ақындық жолы, сол замандағы араласқан белгілі адамдар, өзі пайдаланған тұрмыстық заттары және жерленген жері туралы толық мәлімет берілді.

Музей қызметкерлері ақынның әдеби мұрасы жинақталған 6 залдағы  экспонаттарды таныстырып, әр жәдігерге толықтай тоқталды.

Бүгінгі өткізілген тағылымды шарадан қатысушылар жақсы әсер алып, Абай атамыздың әлеміне саяхат жасады.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...