spot_img
spot_img
14 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАлаяқтар ақмолалыққа 9 млн теңгеден астам сомаға 5 несие рәсімдеткен

Алаяқтар ақмолалыққа 9 млн теңгеден астам сомаға 5 несие рәсімдеткен

-Жарнама -spot_img

Бұланды аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері облыс тұрғынын 9 млн 101 мың теңгеге алдаған алаяқтарды іздеуде. Алаяқтар 46 жастағы ақмолалыққа қоңырау шалып, өзін Каспий банкінің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, әйелді осы сәтте оның атынан операцияларды жүргізуге тырысып жатқан алаяқтардың «алдын алу» үшін өз атына несиелер рәсімдеу қажет екеніне сендірген.

Осылайша, қылмыскерлер, мүмкін психотехнология әдістерін қолдана отырып, жәбірленушіні өте қысқа мерзімде бірқатар ойластырылмаған шешімдер қабылдауға мәжбүр етіп, оның атына әртүрлі банктерде: «Еуразиялық банк» АҚ, «Форте банк» АҚ, «Хоум кредит банк» АҚ 5 несие рәсімдеді. Залал сомасы 9 млн.101 мың 631 теңгені құрады.

Барлық алынған қаражатты жәбірленуші алаяқтардың жеке шотына аударған.
Полиция бөлімі қызметкерлерінің мәліметінше, олар бір күн бұрын жәбірленушінің жұмыс орны бойынша, несие алаяқтығының алдын алу бойынша дәрістер оқыған және жәбірленушінің мойындауы бойынша ол алаяқтықтың жанданған осы түрі туралы хабардар болған.

Сонымен бірге, жәбірленуші тіпті үйдегілер одан күмәнді адамдармен сөйлесуден бас тартуын сұрағанын айтты, дегенмен өтініш беруші алаяқтардың қылмыстық айла-шарғысына түсіп қалған.

Осы факті бойынша полиция бөлімі ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img