Жексенбі, Сәуір 28, 2024
11.7 C
Kokshetau
8 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаСотАлаяқтың әрекетінде сот қылмыстардың қайталануын таныды

Алаяқтың әрекетінде сот қылмыстардың қайталануын таныды

Қылмыскерлер азаматтарға қоңырау шалып, өздерін тергеуші немесе адвокат ретінде таныстырып, жақын туыстарының жол-көлік оқиғасы немесе басқа да құқық бұзушылық жасағанын хабарлайды. Әрі қарай, қылмыстық істі тоқтату және оларды жауапкершіліктен босату үшін белгілі бір ақша сомасын беруді ұсынады. Азаматтар белгісіз адамдардың шарттарымен келіседі және оларға ақша береді.

Мәселен, бұрын соттылығы бар Петропавл қаласының тұрғыны «Н.» басқа адаммен сөз байласу бойынша (оған қатысты жеке қылмыстық іс қозғалған) адамдар тобында бірқатар ауыр қылмыстар жасады.

Сот үкімімен «Н.» адамдар тобында бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін, сондай-ақ психотроптық затты ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылды (ҚК-нің 190-бабының 3,4-бөліктері, 296-бабының 4-бөлігі). Оған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотта, «Н.» әлеуметтік желіде жұмыс іздеу мақсатымен, «Б.»-мен хат жазысып, оның заңсыз әрекеттерді орындау туралы ұсынысына сыйақы үшін келіскені анықталды.

«Б.» жалғызбасты зейнеткерлерге қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, туыстарының жол-көлік оқиғасы туралы хабарлады және қылмыстық жауапкершілікке тартылмас үшін ақша сұрады.

«Н.» «Б.»-нің нұсқауы бойынша мекен-жайларға келіп, алданған азаматтардан ақша алып, бір бөлігін өзіне қалдырады, ал қалғанын «Б.»-нің банк картасына аударып отырды.

Олардың қылмыстық әрекеттерімен екі жәбірленушіге материалдық зиян келтірілді. Жәбірленушілер сотта азаматтық талап арыз берген жоқ.
Сонымен қатар, «Н.» ұсталған кезде оның қалтасынан психотроптық зат (мефедрон) табылды, ол оны сату мақсатынсыз заңсыз сақтаған.
Сотта «Н.» кінәсін толық мойындады.

Жаза тағайындауда, сот жеңілдететін жағдай ретінде оның шын жүректен өкінуін, ауырлататын мән-жай ретінде – соттылықтың бар екенін, одан қорытынды жасамай, түзелу жолына түспегенін есепке алды. Оның іс-әрекетінде қылмыстардың қайталануы танылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...