Жексенбі, Сәуір 28, 2024
16.8 C
Kokshetau
17 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
ЖаңалықтарAMANAT«АМАNАТ» партиясы референдум өткізуді толық қолдайды

«АМАNАТ» партиясы референдум өткізуді толық қолдайды

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды қолдау бойынша «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық штабының онлайн форматтағы алғашқы отырысы өтті.

Жиынды өткізген партияның Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ғалым Бекмағамбетов Президенттің жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдау жөніндегі «AMANAT» партиясының мәлімдемесін оқыды. «Президент Қазақстан халқына жариялаған биылғы Жолдауында ауқымды саяси реформалар ұсынды.

Бұл реформалардың мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, суперпрезиденттік басқару формасынан Парламент пен мәслихаттардың рөлі күшейген саяси жүйеге көшу, демократиялық процестер қарқынын үдету, елдегі бірлік пен ынтымақты арттыру», – делінген мәлімдемеде.

«Сондай-ақ, ауқымды реформалар сайлау, партиялық және сот-құқықтық жүйесін, аумақтық-территориялық құрылымы мен мемлекеттік биліктің бөліну принципін түбегейлі өзгертетіні сөзсіз. Мемлекет басшысы ұсынған кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін Конституцияға 33 өзгеріс пен толықтыру енгізу қажет. Аталған өзгерістерді құқықтық тұрғыда бекіту үшін Президент республикалық референдум өткізуді ұсынды. Конституцияны жалпыхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту – «мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық» деген принциптің іс жүзінде орындалуының айғағы. Сондықтан «AMANAT» партиясы Конституциялық реформаның маңыздылығын терең түсіне отырып, алдағы референдумды өткізуді толық қолдайды!»

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен іс-шараларды ұйымдастыру үшін партияның облыстық филиалы 20 штаб құрды. Олардың құрамына өңірдегі және аудандардағы «AMANAT» партиясының активі кірді. Бұл жұмысқа облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет пен спорт қайраткерлері, партияның жастар қанаты мен аудандардағы филиалдар атсалысады. Партия мүшелері өңірлерде және шалғай елді мекендерде сайлаушылармен кездеседі деп жоспарланған.

«Мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізіледі. Бұл – «Халық үніне құлақ астаны мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі. Ел тағдырын айқындайтын осынау маңызды кезеңде ешкім шет қалмауға және тарихи таңдау жасауға тиіс. Еліміздің стратегиялық болашағын айқындайтын референдумға қатысу барлығымызға ортақ борыш!»,-деді жиынды қорытындылаған партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ғалым Бекмағамбетов.

Жиын соңында штабтардың жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыруға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

AMANAT партиясы.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...