Пятница, 14 февраля, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауАнтикор мен ІІМ басшылығы Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша...

Антикор мен ІІМ басшылығы Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша отырысқа қатысты

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетауда Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов және Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди қатысты.

Комиссия отырысында жергілікті атқарушы органдардың ҚР 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мәселелері қаралды.

Отырыста сөз сөйлеу барысында Олжас Бектенов қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық новеллаларды түсіндіре отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдамағаны үшін басшылардың жауапкершілігін күшейтуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша өкілеттіктер беруге, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы және уақтылы жүргізуіне назар аударды.

Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары осы жылдың наурыз айында Министрлік жанынан «Işkı ıster ministrlıgı – Adaldyq alańy» жобалық кеңсесі ашылғанын атап өтті, оның миссиясы тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту және азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру болып табылады.

Облыс әкімі өз сөзінде өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын, бұл ретте белсенді қоғам өкілдері мен көрнекті қайраткерлер тартылып жатқанын атап өтті. Халық арасында жүргізілген сауалнамалардың оң нәтижелері іске асырылып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді.

Соңында Олжас Бектенов мемлекеттік органдардың өңір қоғам өкілдерімен бірлесіп жүргізіп жатқан жұмысына оң баға бере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын күшейту қажеттігін атап өтті.

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшінің әдебі оның кәсібилігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады

Қазіргі мемлекеттік билік институттарына деген сенім деңгейі мәселесінің өзектілігі барған сайын артып келе жатқан қоғам жағдайында мемлекеттік қызметшілердің әдебі бүкіл мемлекеттік қызметтің тиімді және...

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...