Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерЖақсыСыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары Жақсы ауданында болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары Жақсы ауданында болды

Сондай-ақ, оқыңыз...

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтың Ақмола облысының Жақсы ауданына жұмыс сапары аудандық Орталық аурухананы аралаудан басталды.

Жақсы ОАА құрылымында 1 емхана, 3 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 19 медпункт жұмыс істейді. Жақында мұнда ғимараттың қасбеті мен баспалдақ аралықтарына күрделі жөндеу жүргізілді, ал ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 220 млн.теңгеге медициналық жабдықтар сатып алуға қаражат бөлінді.

Бұдан кейін Олжас Бектенов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өңірлік филиалының Халыққа қызмет көрсету бөлімінің жұмысын таныстырды, онда күн сайын 150-ге жуық адам қабылданады.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары аудандық «Сервистік әкімдікке» барып, онда азаматтарға қолайлы қызмет көрсету үшін қандай жағдайлар көзделгенін және ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ТКШ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы салаларында мемлекеттік қызметтер мамандардың қалай ұсынатынын танысты.

Олжас Бектеновтің жұмыс сапары барысында өңір тұрғындары оған ауыл шаруашылығы саласындағы және заңнаманы түсіндіруге қатысты мәселелер бойынша жүгінді. Қабылдау қорытындысы бойынша азаматтар сұрақтарға тиісті жауаптар алды.

Сонымен қатар, сапар аясында Агенттік басшысының бірінші орынбасары Т.А. Уалиев атындағы Спорт мектебін аралап көрді, оның базасында бокс, грек-рим күресі, волейбол, баскетбол және футбол сияқты спорт түрлері дамытылады. Мектепке әуесқой бокс федерациясының вице-президенті Батырбек Уәлиев демеушілік етеді. Айта кетейік, Олжас Бектенов — Ақмола әуесқой бокс федерациясының президенті.

Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко спорт мектебі жаттықтырушыларының бірі болып табылады, ол осы күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасарымен кездесу кезінде өскелең ұрпаққа дене тәрбиесі арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды дарытуға қосқан үлесі туралы айтып берді.

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...