Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau
17 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауҚауіпсіз жол: Ақмола облысында 15 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Қауіпсіз жол: Ақмола облысында 15 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

«Қауіпсіз жол» жедел – алдын алу іс-шарасы аясында 470-тен астам полиция қызметкері ауқымды жұмыстарға жұмылдырылды. Оның мақсаты-жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту және жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу.

Құзыретті қызмет қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерімен апаттылықтың алдын алудың басым бағыттары бойынша жұмыс жандандырылды: мас күйінде көлікті басқару, қозғалыс жылдамдығының белгіленген шегінен асып кетудің және басып озудың, қарсы бағыт, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, қауіпсіздік белдіктерін қолдану және ұялы телефон арқылы сөйлесу ережелерін бұзудың алдын алу.

«Қауіпсіз жолдың» үш күнінде өңірде 2870-тен астам ЖЖЕ бұзушылықтары жойылды, 23 мас жүргізуші және басқару куәлігі жоқ 44 жүргізуші ұсталды және жауапқа тартылды.

Патрульдік полицейлер көлік құралдарын заңсыз түрлендірудің 11 фактісін анықтады. Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде жолаушыларды заңсыз тасымалдауды жүзеге асыратын 10 азамат жауапкершілікке тартылды.

Жолдарды 88 тексеру жұмыстары жүргізілді, олардың қанағаттанарлықсыз жағдайы үшін 15 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Ауа-райына байланысты қозғалысты шектеу туралы хабарламаларды елемеуге болмайды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...