Вторник, 12 ноября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерБурабайҚазақстанның 20 млн-шы тұрғыны: перзентханадан үйіне шығарылды

Қазақстанның 20 млн-шы тұрғыны: перзентханадан үйіне шығарылды

Бурабай ауданында Қазақстанның мерейтойлық 20 миллионыншы тұрғынын жақындары перзенханадан салтанатты түрде қарсы алды.

​2023 жылғы 14 қарашада Бурабай ауданы Жасыл ауылының тұрғыны Ясина Исенова еліміздің тарихына өз есімін жазып, Қазақстанның бес мерейтойлық тұрғынының бірі болды. Сәбидің әкесі Айдар Исенов — энергетик, анасы-Динара Каренкина, мұғалім.

​Бүгін нәрестенің перзентханадан салтанатты шығарылуы өтті, анасы мен әпкесі Ясинаны қарсы алуға отбасының тұңғышы Дінмұхаммед, туыстары мен жақындары келді.

​Аудан әкімі Арай Садықов пен аудандық мәслихат төрағасы Малика Нұрпанова еліміздің мерейтойлық тұрғынының бақытты ата-анасын құттықтап, осы айтулы оқиғаға сыйлықтар табыс етті. Бурабай ауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Өтелбай Бейсенов сәбиге ақ батасын берді.

​»Ясинаның дүниеге келуі маңызды демографиялық межені еңсерудің символы, біздің аудан тарихының бір бөлігі. Ясинаға денсаулық пен амандық тілейміз», — деді аудан әкімі.

​»Қызымыздың дүниеге келуі мерейтойға айналады, бұл біз үшін тосын сый болды. Тарихи оқиғаның бір бөлігі болу өте қызықты. Мен мұны мақтан тұтамын. Біз өз кезегімізде ата — ана ретінде балалардың берекелі болашағы мен олардың еліміздің лайықты азаматтары болуына бар күшімізді саламыз», -деп өз сезімдерімен Ясинаның әкесі-Айдар Исенов қуана бөлісті.

​Отбасыларға жан — жақты қолдау көрсетудің арқасында туу көрсеткіші артып келеді. Жыл басынан бері Бурабай ауданында 800 бала дүниеге келді. Балалы отбасыларды қолдау шараларының кешені мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары, салық салу кезіндегі жеңілдіктер және басқа да әлеуметтік қорғау шараларын қамтиды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету мемлекеттік органдардың басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы...

Ақмола облысында Жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне 2024 – 2025 оқу жылдарына іріктеу аяқталды

Ақмола облысында мемлекеттік қызметке талантты, сауатты, білімді, көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту үшін Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жұмыс істейді. Оның мақсаты жастарға мемлекеттік органдарда...