-26.2 C
Кокшетау
Воскресенье, 10 декабря, 2023
ЖаңалықтарАуа-райыАлдағы үш күнде қар жауып, 16 градусқа дейін аяз болады

Алдағы үш күнде қар жауып, 16 градусқа дейін аяз болады

-Жарнама -spot_img

Қазгидромет синоптиктері 18-20 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Kazinform.

Алдағы күндері белсенді Солтүстік циклонының әсерінен ҚР басым бөлігінде жауын-шашын жауады.

18 қарашада — солтүстік-батыста, солтүстікте, 19 қарашада — еліміздің шығысында қатты жауын-шашын жауады. Жаңбырдың соңы қарға ұласады.

19-20 қарашада еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады.

Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ және бұрқасын болады.

20 қарашаға қарай солтүстік-батыс антициклонына байланысты суық ауа массалары келеді.

Бұл Қазақстанның басым бөлігінде температураның күрт төмендеуіне әкеледі.

Мәселен, солтүстік-батыста түнгі уақытта 3-13 градусқа дейін аяз, күндіз 7 аяз — 5 жылы, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 8-16 аяз, күндіз 2-10 аязға дейін төмендейді.

Температураның төмендеуі оңтүстік аймақтарға да әсер етеді.

Мұнда түнгі уақытта 3 аяз-7 жылы, күндіз 5-15 жылы, оңтүстік-шығыста түнде 6 аязға дейін-6 жылы, күндіз 5 аяз-13 жылыға дейін алмасады.

Республика бойынша жел қарқыны 15-29 м/с дейін күшейіп, тұман түседі.

Солтүстік-батыс, солтүстік аймақтарда желдің екпіні 30 м/с асады.

- Жарнама -spot_img
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img