Пятница, 18 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚазақстанҚазақстан азаматтары отандық ғалымдар әзірлеген COVID-19-ға қарсы вакцинаны салдыруда

Қазақстан азаматтары отандық ғалымдар әзірлеген COVID-19-ға қарсы вакцинаны салдыруда

Сондай-ақ, оқыңыз...

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Қазақстан азаматтары өз еріктерімен отандық ғалымдар әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаны тәжірибе ретінде салдырылып жатыр. Солардың бірі — саясаттанушы Мақсат Жақау вакцинациядан өткендігін Facebook парақшасында жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін адамзаттың қас жауына айналған COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаны арнайы медициналық тексерулерден іріктеліп, өз еркіммен салдырдым. Қатысушылар көп. Бірақ денсаулықтарына байланысты көбі өтпеді. 18-бен 50 жас аралығындағы кандидаттар тізімімен вакцинацияның екінші кезеңінде тәжірибелік топқа ендім. Вакцинаны жасаумен медицина ғылымында есімдері әлемге танылған профессорлар айналысты. Бұл ғылымымыздың жоғарғы көрсеткішін танытады. Бұйырса вакцинаның оң нәтижелеріне қарай еліміздің ғана емес, әлемдік деңгейде адамзаттың игілігіне қолданатын ем-домның шығуына сенуіміз керек. Бастысы вирус болса оның антивирусы да болуы керек. Отандық ғылым сол жолда ізденіс үстінде», — дейді Мақсат Жақау.

Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те коронавирус індетіне қарсы әзірленген отандық вакцинаны салдырғандығын айтқан болатын. Бұған дейін ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында әзірленген коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеу басталған хабарлаған едік.


Сілтеме: inform.kz  https://www.inform.kz/kz/kazakstan-azamattary-otandyk-galymdar-azirlegen-covid-19-ga-karsy-vakcinany-saldyruda_a3707748

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...

50 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Оның айтуынша,...

Ақмола облысында 88 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...